- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер холестериннің адам...
Дәрігер холестериннің адам бетінде байқалатын белгілерін атады
Дәрігер Катарина Сванберг беттегі қандай белгілер арқылы қандағы холестерин деңгейінің қауіпті деңгейге жеткенін анықтауға болатынын айтты.
Дәрігердің айтуынша, егер холестерин деңгейі ұзақ уақыт бойы нормадан асып кетсе, онда бұл бет терісінде ксантома түрінде пайда болуы мүмкін.
Ксантома деген не?
Ксантома – тері астындағы майлы өсінділер. Бұл өсінділер дененің кез келген жерінде – буындар, әсіресе тізе мен шынтақта, қол мен бөкседе пайда болуы мүмкін. Ксантомалар мөлшері бойынша әр түрлі. Олар түйреуіш тәрізді немесе жүзім сияқты үлкен болады. Ксантома көбінесе тері астындағы жалпақ төмпешікке ұқсайды, кейде сары немесе сарғыш болып көрінеді.
"Бұл көбінесе қабақтың айналасында немесе көздің айналасында дамитын сарғыш өсінділер. Өздігінен бұл өсінділер зиянсыз", - деді Сванберг.
Егер бетте ксантома анықталса, дәрігерге қаралып, қан анализін алу керек дейді дәрігер. Холестерол қан тамырларыңызда жиналып, уақыт өте келе олардың бітелуіне әкеледі. Дененің белгілі бір бөлігіне байланысты, ол инсульт немесе инфаркт тудырады.
"Белсенді өмір салты және қанықтырылмаған майлардан тұратын диета қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, Daily Express-ке берген сұхбатында дәрігер 40 жастан асқан барлық адамдарға холестеринді тексеруге кеңес берді. Артық салмағы бар және жүрегінде ақауы бар адамдарға тексеруден өту өте маңызды екенін айтты.
Айта кетейік, қандағы холестериннің қалыпты әдеттегі мөлшері 180—260 миллиграмм (0,18 — 0,26%) болады. Оның көбеюі атеросклероз, ксантоматоз, бауырды май басу, т.б. аурулардың дамуын тездетеді. Холестерин организмдегі өт қышқылының, бүйрек үсті безі гормонының, жыныс гормонының, D3 провитаминінің түзілуіне қатысады, жасуша қабырғасының өткізгіштік қасиетін де реттейді. Холестериннің алмасу процесі бұзылса, холестерин мен оның туындылары қан тамырларының қабырғасына шөгіп (атеросклероз), өтте кристалды холестерин пайда болып, тас байлану процесі жүреді.
А. Оралқызы