Үнді штамының басты белгілері қандай?

Үнді штамының басты белгілері қандай?

Еліміздегі эпидемиологтар қауіпті "дельта" штамына байланысты коронавирус инфекциясының жаңа толқыны басталуы мүмкін екенін ескертті. Әлемнің 74 елінде анықталған үнді штамы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да анықталды. Осыған орай Массагет порталы үнді штамының негізгі белгілерін назарыңызға ұсынады.

Коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі бұрынғыға қарағанда 60 пайыз жылдам жұғады. Үнді штамын жұқтырған адамның өліп кету қаупі бұрынғы коронавирусқа қарағанда айтарлықтай жоғары. Жұқпалы аурулар бойынша маман Абдул Гафурдың айтуынша, үнді штамын жұқтырған адамдарда диарея жиі кездеседі. Ол пандемияның бірінші толқынында мұндай симптом әлдеқайда аз кездескенін айтады.

Британиялық сарапшылар үнді COVID-19 штамы бар адамдарда гангренаны қоздыратын тромбтар пайда болатынын ескертті. Сонымен қатар науқастар есту қабілетінің бұзылуын және асқазанның қатты ауыратынын айтқан.

Кеше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа «дельта» штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас екенін айтты.

"Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды", – деді Жандарбек Бекшин.

Іш ауру, құсу, тыныс жолы тарылуы мүмкін.

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ресейлік “Спутник V” вакцинасы және қазақстандық – QazVac коронавирус инфекциясының “Дельта” (“Үнді”) штамынан қорғайтынын айтты.

“Біздің әзірлеушілердің айтуынша, QazVac және ”Спутник V“– бұл вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қазір айналымда жүрген барлық белгілі штамдардан, соның ішінде ”үнді” штамынан қорғайды”, – деді Бекшин сәрсенбіде өткен брифингте.

Сонымен үнді штамының негізгі белгілері мынадай:

– диарея (іш ауруы);

– есту қабілеті нашарлауы;

– асқазан ауыруы;

– қан ұйып, ангренаға ұласуы.

Айта кетейік, COVID-19 үнді мутациясы наурыз айында анықталды. Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі сол кезде бірқатар штаттарда штамдардың пайда болуы мен вирустың таралуы арасында байланыс орнататын мәліметтер аз болғанын айтты. Кейіннен коронавирустың бұл нұсқасы әр түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда да табылды.