- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам 150 жылға...
Адам 150 жылға дейін өмір сүруге қабілетті
Зерттеушілер адам қанын талдау арқылы адамның қанша жыл өмір сүруге қабілетті екенін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, адам 150 жас жасауға қабілетті.
Әлемде ең ұзақ өмір сүрген кісі – француз азаматшасы Жанна Кальман. 1997 жылы 122 жасқа келген көз жұмады. Әзірше дерекпен дәйектелген ең ұзақ жас – осы, 122 жыл.
Бірақ Сингапур ғалымдары адам бұдан да ұзақ жасауға қауқарлы дейді. Соны дәлелдеу үшін адам ағзасындағы қан маркеріне талдау жасап, адамның жалпы өмір-жасын есептеп шыққан. Сонда 150 жыл шыққан. Содан ғалымдар адам былайша айтқанда, өмірінің соңына дейін ауру-сырқаусыз күн кешсе, онда бір жарым ғасырдан кейін жантәсілім болатынын айтады.
Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасының қуаты мен өзін-өзі емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру функциялары уақыт өте нашарлай береді. Соның кесірінен созылмалы аурулар пайда болады. Содан адамның өмірге деген тұрақтылығы да жоғалады.
Уақыт өткен сайын адамның күйзеліс пен ауру-сырқаудан арылу қуаты төмендей береді. Физикалық және психологиялық стресі күшейеді. Мәселен, 40 жастағы адамның күйзелістен арылуына, ағзасын қайта қалпына келтіруіне 2 апта уақыт керек болса, 80 жастағы адамға 6 апта уақыт керек.
Адамның өліміне әкелетін де осы – дененің күш-қуаттан босауы, дәрменсіздік пен әлсіздік жайлауы.
Қ. Слямбек