Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қызық деректер

Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қызық деректер

"Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!" деп жырлаған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туралы бес дерек ұсынамыз.

Сұлтанмахмұт бала кезінде молданың үйінде жатып оқиды. Молда баланы малай есебінде жұмсап, ұрып-соғады. Бала ақын сол кездің өзінде молданың надандығын сынап сықақ өлеңдер жазған.

Кейін "Айқап" журналының жауапты хатшысы болды. Ол жерде де сыни мақалалары басқалардың қаһарына ұшырап, жұмысынан айырылып тынады.

"Абай жолы" роман эпопеясында аты аталатын Шоң, Торайғыр деген батыр, би кісілер Сұлтанмахмұттың атасы болған. Ақын осы атасының атына "Шоң серіктігі" ұйымын құруды мақсат тұтады.

Бұл ұйымның мақсаты тұрмысы нашар, кедей оқушыларға көмектесу, оқуына қаражат беру, ел ішіне газет-журналдар алдырып, кітапханалар ашу, оған хат білетін адамдарды тарту, ақын-жазушылардың шығармаларын бастыру екенін көрсетіп мақала жазады. Қаражат тапшылығына байланысты бұл мақсатына жете алмайды.

Өкпе ауруына шалдыққан Торайғыров қыс бойы қымыз ішіп емделсе де, ауруды жеңе алмайды. Небары жиырма жеті жасында артына өшпес із қалдырып, мәңгілік мекеніне аттанып кетеді.

@. @assel_assanova