Джоан Роулинг Гарри Поттер мектебін салады

Джоан Роулинг Гарри Поттер мектебін салады

Daily Mail газетінің хабарлауынша, британдық танымал жазушы Джоан Роулинг Эдинбургтағы үйінің ауласында Хогвартс стиліндегі сарай салмақшы. 

12 метр биіктікке жететін екі қабатты сарай дәл кинодағы түпұсқасымен бірдей болады. Гарри Поттер оқитын мектепті салу үшін ол 150 мың британдық фунт сомасындағы қаржы жұмсамақ. Ал соғылғалы тұрған үйдің үлкендігі сонша, бірінші кезекте тапсырыс беруші билік өкілдерінен арнайы рұқсат қағазын сұрауы керек екен. Хогвартстың мининұсқасы жазушының кенже балалары – жеті жасар Маккензи мен тоғыз жастағы Дэвидке арналып салынуда.

Ал Джоан ХVII ғасырда салынған өз үйін 2009 жылы сатып алған. Сол кезде үйдің құны 2 миллион фунт стерлингке жеткен екен. Қазіргі кезде жазушы бұл үйде алғашқы некелескен күйеуінің 18 жастағы Джессика есімді қызымен және қазіргі күйеуі Нейл Мюррермен бірге тұрып жатқан көрінеді.

46 жастағы Джоан Роулинг Ұлыбританияның ең бай жазушысы. Белгілі мәліметтер бойынша, оның қаржысы 1 миллиард АҚШ долларына жетеді. Англиядағы ең бай әйелдердің ондығына кіретін ол Елизавета ІІ-ден де ауқатты. Сиқыршы бала туралы шығармасы әлемнің 74 тіліне аударылып, олардың әрқайсысы 500 миллион данамен жарық көрген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет:  sandaz.ucoz.com

А. Құлтай