- Негізгі бет
- Арнайы жобалар
- Суда шомылғанда қандай...
Суда шомылғанда қандай ережелерді сақтау қажет?
Жасөспірімдердің жүзуді білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы адам өліміміен аяқталып, орны толмас қайғыға ұшыратып жатады. Сондықтан, жаз айларында судағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, суға барғанда әсіресе тауға шыққанда бұл ережедерді үнемі сақтап отыру қажет. Ол сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтауда үлкен рөл атқарады.
Бүгін "Жазда судағы қауіпсіздік туралы" онлайн-баспасөз конференциясы кезінде Алматы қаласы төтенше жағдайдар департаменті басшысының орынбасары полковник Ерлан Әлібекұлы Әлібеков "судағы қауіпсіздік" ережелері туралы айтты.
Жалпы, Алматы қаласы бойынша 28 өзен ағып өтеді екен. Қалада шомылуға арналған арнайы 4 рұқсат етілген орын бар.
Біріншісі, Алмалы ауданындағы Сайран көлі;
Екіншісі, Әуезов ықшам ауданындағы Сайран көлі;
Тағы екеуі Үлкен Алматы өзенінде орналасқан. Оның бірі "Гүлдер демалыс орталығы" болса, екіншісі "Роща Баума".
"Гүлдер демалыс орталығы" Жетісу ықшам ауданында, "Роща Баума" Түркісіб ықшамауданында орналасқан.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі осы аталмыш орындарда шомылу қажеттігін айтады.
"Сайран шомылу көлін құтқару қызметінің өкілдері бақылайды. Жұмыс күндері 5 қызметкер оның ішінде 3 құтқарушы және 2 медқызметкер жұмыс істесе, демалыс күндері 7 қызметкер (5 құтқарушы 2 медқызметкер) болады. Сонымен бірге, 3 моторлы қайық құтқарушылар қармағына берілген", - дейді полковник Ерлан Әлібекұлы.
Төтенше жағдайдар департаменті басшысының орынбасары полковник Ерлан Әлібекұлы Әлібеков
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі шомылуға болмайтын жерлерде арнайы белгі бар екенін тілге тиек етті.
"Сайранның мен айтып кеткен бөліктерінде ғана шомылуға рұқсат етілген, ал қалған бөлігіне шомылуға болмайды. Біз ондай орындарға "Шомылуға болмайды!" деген арнайы белгі орнаттық. Ал, Гүлдер демалыс орталығында да құтқару қызметі жұмыс істейді. Биыл, "Роща Баума" да су болмайды", - дейді полковник Ерлан Әлібекұлы.
Жаз айының басынан бастап адам өліміне жол бермеу үшін төтенше жағдайлар департаменті бірлескен жергілікті полициямен, Алматы қаласы құтқару қызметімен, жергілікті өңірдің үкімет адамдары және Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерімен рейдтің жоспарын құрған.
"Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдер 1 маусымнан бастап үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын күнде халық арасында жүргізіп келеді. Оған күнделікті 75 қызметкер қатысады. Шомылу ережесін бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Осы уақытқа дейін 15 адам Сайран көлінде алкоголь ішімдігін ішіп шомылғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды", - дейді төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдер сәуір-мамыр айынан бастап қаладағы барлық мектептерде ашық сабақтар өткізген.
"Сабақ барысында оқушыларға судағы қауіпсіздік туралы шығарма, дикант жазғыздық, онлайн түрде үш интерактивті сабақ өткіздік. Біз осы арқылы оқушылар арасындағы шомылу мәдениетін қалыптастырып, судағы қауіпсіздікті насихаттауды көздедік", - дейді полковник.
Судағы қауіпсіздік туралы
Ерлан Әлібекұлы Әлібеков мынадай бірнеше сеебепті атады:
– Мен халықтан суда шомылған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрағым келеді. Бірінші кезекте суға алкаголь ішімдік ішіп түспеу керек. Бұл ең маңызды ереже.
– Суға түнде түспеңіздер;
Тау өзендеріне шомылмаңыздар. Тау өзендері де шомылуға тиым салынған орындар санатына жатады. Қала бойынша судағы қауіпсіздікке байланысты 55 белгі орнатылған.
– Тау өзенінде біріншіден ағыс қатты болады. Оған түскен адам суда тұра алмайды, себебі су астындағы тастар өте тайғақ. Осыдан соң шомыламын дегендер суға құлап, оларды ағыс алып кетеді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Әсіресе, ыстық күндері тауға демалуға барған отбасылар, балаларын қараусыз қалдырады. Ал балалар суға түсемін деп, арты қайғылы жағдайға ұласады. Сондықтан тау суы қауіпті;
– Тек, рұхсат етілген орындарда суға түсіңіздер. Ол жерлерде де арнайы белгіленген шекарадан ары қарай өтіп кетпеңіздер. Ол белгі адамның аяғы жерге тиіп, суда еркін демалып тұруы үшін қойылған;
– Ал жүзуді білмейтін адамдар белінен жоғары келетін судан ары қарай өтпеуі керек. Суда бір-біріңізге қарайлай жүріңіздер.
– Қайық, катер кетіп бара жатқан жерге шомылмаңыздар. Себебі, олар жасанды толқын туғызады. Ал, бұл адам өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін;
– Суда көп шомылуға болмайды. Ол дененің мұздауына әкеледі. Денесі мұздаған дамның аяқ-қол тартылу қаупі жоғары;
– Суға дене қызып тұрғанда түспеу керек. Бұл дене бұлшық етінің тырысуына алып келеді;
Қай кезде суға шомылған дұрыс?
Таңертең немесе кешке, күн жылы болған кезде суға түскен дұрыс. Судың температурасы кем дегенде +18-19 градус, ауа температурасы +20 +25 градус болуы керек.
Шомылу ұзақтығы ауа мен судың температурасына, ауаның ылғалдылығына және желдің күшіне байланысты. Жуынудың ең қолайлы шарттары – ашық ауа-райы, ауа температурасы +25 градус және одан жоғары кезде.
Ерлан Әлібековтың айтуынша, алдағы уақытта судағы қауіпсіздік ережелері туралы бірнеше үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
"2021 жылғы судағы қауіпсіздік туралы бірнеше үгіт-насихат жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта отандық БАҚ арқылы одан хабардар боласыздар. Оның ішінде түрлі флешмобтар болады. Жақында сондай үгіт жұмысын қаладағы сауда орталықтарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Қоғамдық көліктерде судағы қауіпсіздік туралы бейне жазбалар көбейтілетін болады", - дейді дейді полковник Ерлан Әлібекұлы.
Суда дене бұлшық еті тартылғанда не істеу керек?
Адам суда ұзақ уақыт болғанда әсіресе су суық болғанда дене бұлшық еті тартылып қалады. Бұл әсіресе аяқ пен қолда жиі кездеседі. Осындай кезде терең дем алып, шалқалай жатып, құрысқан аяқ немесе қолды тарту қажет.
Бұл жаттығу тартылған бұлшық еттің жазылуын тездетеді. Егер жаттығу көмектеспесе жағалауға жүзуіңіз қажет. Егер құрысу аяқта болса, қолмен, қолда болса аяқпен жағаға қарай жүзу керек. Бұл жағдайда ең бастысы – қауіптен шығуға барлық күшті, әдіс-тәсілді жұмылдыру, қорқыныш пен үрейді басу маңызды саналады.
Т. Раушанұлы