Маттиас Майер тау шаңғысында жеңімпаз атанды

Маттиас Майер тау шаңғысында жеңімпаз атанды

Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында аустриялық Маттиас Майер ерлер арасында тау шаңғысының жеңімпазы атанып отыр.

23 жастағы шаңғышы 2:06.23 уақыт көрсеткішімен бас жүлдені алды. Екінші орын италияндық Кристоф Иннерхоферге бұйырса (2:06.29), үшінші орынды норвегиялық шаңғышы Хьетиль Янсруд қанжығалады (2:06.33).

Ал біздің отандық спортшыларымыз Игорь Закурдаев 2:11.28 уақыт көрсеткішімен 33-орынға тұрақтаса, 22 жастағы Мартин Хубер 42-орыннан (2:13.51) көрінсе, Дмитрий Кошкин 43-орынды місе тұтты (2:14.63).

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін биатлоншыларыз Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева мен Алина Райкова өнер көрсетеді. Жарыс жолы 20:15-те басталады.

Шаңғышылар скиатлон сайысында 30 шақырымдық жарыс жолына шығады. Отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин, Николай Чеботько мен Марк Старостин қатысады. Басталуы: сағат 15:45-те.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sochi2014.com

Л. Лига