Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Сочи 2014. Қызықты фактілер

Сочи 2014. Қызықты фактілер

Сочи 2014. Қызықты фактілер

Көп ұзамай әлем назары Қысқы Олимпиада Ойындарына ауады. Бұл жолы Ресей әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлерді Сочи қаласында құшақ жая қарсы алады. Төртжылдықтың маңызды оқиғаларының біріне дайындық қалай жүруде, сол тағы басқа қызықты фактілер жайлы төмендегі материалда.

XXII Қысқы Олимпиада ойындары Сочиде 2014 жылдың 7-сі мен 23 ақпан аралығында өтеді.

Басты ұраны: «Жаркие. Зимние. Твои».

Канадалық Ванкуверде өткен Олимпиадамен салыстырғанда Сочи 2014-те жарыстар саны жиырмаға артты. Демек, медальдар жиынтығы 98-ге дейін жететін болады.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы 40000 көрермен сиятын «Фишт» алаңында өтеді.

Олимпиада алауы эстафетасы Қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы ең ұзаққа созылған эстафета болып есептеледі. 2013 жылдың 7 қазанынан (Мәскеу) 2014 жылдың 7 ақпанына (Сочи) дейін Олимпиада алауы Ресейдің барлық автономды республикаларының астаналарын, облыстары мен аймақтарын, жалпы алғанда 40 мың шақырым жерді жүріп өтеді.

Факел тасушылардың жалпы саны он төрт мыңға жуық.

Сочи 2014 таңбасы болып Ақ аю, Қобылан мен Қоян белгіленген.

Инфрақұрылым мен жарысты ұйымдастыру үшін кеткен шығын $40 миллиард төңірегінде. Бұл сандар Сочи 2014-тің Олимпиада өткізу тарихындағы ең қымбаты екендігінің көрсеткіші.

1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада XXII-шы Жазғы болған, ал сочилік XXII-ші Қысқы болады.

Екатеринбургте Олимпиаданың басталуына дейінгі кері санақты көрсететін сағатты орнату үшін КСРО кезеңіндегі ескерткіш қайта жасақталды.

Жарыстарға билеттер бесжүз рубльден елу мың рубльге дейінгі аймақты қамтиды.

Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада жарыс тарихында ең жинақы болмақ.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи 2014 ашылуына қатыспақ ниетте. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жиырмасыншы орыннан көрінуге талпынуда.

Сурет: re-actor.net, vesti.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

1191 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 06 қаңтар 2014, 13:55
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2014, 15:29

Жақындап қалдыыы :? :lol:

+0
06 қаңтар 2014, 16:00

40 миллиард жұмсалып үлгеріпті, жаман емес...

+0
06 қаңтар 2014, 18:16

1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада XXII-шы Жазғы болған, ал сочилік XXII-ші Қысқы болады. Мәссаған

+0
06 қаңтар 2014, 20:47

Біздің Азиаданың барысын ұрлап алыпты ғой

+0
09 қаңтар 2014, 22:47

ол барыс тек казакстанга гана коюга болатын белгы емеской олай айтпа :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...