Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / РИО-2016 / Әділбек Ниязымбетов – Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері

Әділбек Ниязымбетов – Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері

Әділбек Ниязымбетов – Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалда кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крусқа есе жіберді. 

Бірінші раундтан бастап қазақстандық боксшы қарсыласына қарсы бірінші нөмірмен жұдырықтасу жүйесін ұстанды. Ал "Бостандық аралының" боксшысы қаша жүріп жұдырықтасуды жөн санағанын алғашқы минуттардан-ақ байқатты. Әділбек кей шабуылдарын сәтті аяқтап, кей соққыларынан кубалық сытылып кетумен де болды. Нәтижесінде  Хулио Сесар Ла Крус ұстанған айла-тәсіл жүзеге асып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Төрешілер 3:0 есебімен (28-29, 28-29, 28-29) кубалық боксшыны Олимпиада чемпионы ретінде таныды. Барын салып жұдырықтасқан отандасымыз қарсыласына оңайлықпен есе жіберген жоқ.

Айта кетейік, 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанып отыр. 2012 жылы Лондонда да Әділбек күміс алған еді. Ол кезде ресейлік Егор Мехонцевке есе жіберген болатын.

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарында екі рет күміс медаль иеленіп, Болат Жұмаділовтің жетістігін қайталады. Болат Жұмаділов 51 келіге дейінгі салмақта Атланта және Сидней Олимпиадаларында күміс медаль жеңіп алған еді.  

Фото: Данияр Майлыбаев
Қосылған күні: 19 тамыз 2016, 00:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.