Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топтық жарыста қола жүлдеге ие болды. 

Құрамында Алия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Елизавета Майновская, Дарья Медведева, Нұрай Құмарова мен Әмина Қожахмет сынды спортшылар бар жерлестеріміз сәтті өнер көрсете білді. Алтын жүлде Ресей құрамасына бұйырса, күмісті болгариялық спортшылар иеленді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық ресми емес рейтингте 21-ші орында тұр. Доданың жабылу салтанаты ертең өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Ө. Сансызбай