Нанкинде Алуа Балқыбекова бесінші орынды иеленді

Нанкинде Алуа Балқыбекова бесінші орынды иеленді

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында  қыздар арасындағы сында ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова бесінші орынды иеленді. Жаңа ғана жерлесіміз тайпейлік боксшы Хуан Сяо Вэннен басым түсті. Осыған дейін ширек финалда сүрінген жерлесіміз бесінші орын үшін таласуға мүмкіндік алған еді. Ал ерлер арасында бақ сынап жатқан үш боксшымыздың екеуі кеше финалға өткен болатын.

Абылайхан Жүсіпов (60келі) пен Вадим Казаков (81 келі) 27 тамыз күні рингке көтеріледі. Алғашқысы кубалық Лимонта Буда Аленамен жұдырықтасса, екінші өреніміз болгариялық Благой Найденовпен финалдық жекпе-жек өткізетін болады.

Жартылай финалда 49 келіге дейін сынға түскен Шалқар Айқынбай бүгін қола жүлде үшін жапониялық боксшы Субару Моратамен жұдырық түйістіреді. Жерлесімізге сәттілік тілейміз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz

Ө. Сансызбай