Александр Олимпиадамен қош айтысты

Александр Олимпиадамен қош айтысты

Қазақстандық велошабандозымыз Александр Винокуров уақытқа жарысудан 23-ші орыннан көрінді, деп хабарлайды Массагет.кз.

Уақытқа жарысудан Олимпиада чемпионы болып британдық Брэдли Уиггинс танылды. Айта кететін болсақ, аталған шабандоз жігіт жақында ғана өткен "Тур де Франс-2012" бәйгесінің жеңімпазы атанған болатын.

Брэдли Уиггинс жарыс барысында 50 минут 39,54 секунд көрсеткішпен жеңіске жетті. Ал күміс жүлде неміс жігіті Тони Мартинге  (51.21,54) бұйырса, қола жүлдені тағы бір британдық Кристофер Фрум (51.47,87) иеленді. 

"Астана" командасының шабандозы 44 километрді  55 минут 37,05 секундта кесіп өткен. Ал тағы бір жерлесіміз Асан Базаев берілген қашықтықты  56 минут 40,77 секундта кесіп өтіп, 31-орыннан көрінді. 

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның қоржынына алғашқы алтынды  Александр Винокуров салып берген болатын.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига