- Негізгі бет
- Әлемтану
- Айнаға қарап ұйықтауға...
Айнаға қарап ұйықтауға бола ма?
Айнасы бар бөлмеде ұйықтау туралы көп наным-сенім бар. Кей адамдар ұйықтар алдында бөлмедегі бар айнаны жауып тастап, не теріс қаратады.
Халық сенімінде айна жер мен өзге әлем арасындағы шекара деген түсінік бар. Әсіресе, оның күші түнде артады-мыс. Айна ішінде жындар мекендейді деген де сенім бар.
Үлкендар жағы түнде айнаға қарауға болмайды деп жатады. Оның себептері ретінде мынаны айтады:
- өлім;
- ерте қартаюға әкеледі;
- жындарды ояту;
- сұлулықты алып алады;
- басқа әлемге тиесілі қорқынышты нәрселерді көруге мәжбүрлейді.
Одан бөлек, айна үйдегі бар жағымсыз энергияны өзіне алады деп те жатады.
Жатын бөлмедегі айнаны алып тастаған жөн бе?
Айнаға қатысты нәрсенің бәрі дәлелденбеген наным-сенім. Сондықтан бөлмеден айнаны алып тастауға нақты себеп жоқ.
Ислам дінінде айнаға байланысты қандай сенім бар?
Деректерде, Пайғамбарымыз айнаға қараған сайын Аллаһқа шүкіршілік етіп, «Аллаһым! Келбетімді әдемі етіп жаратқаның сияқты мінез-құлқымды да көркем ет» деп дұға еткен.
Ал айнасы бар бөлмеде ұйықтау, оның зияны не пайдасы жайлы дерек келтірілмеген.
Т. Есқали