Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшады

Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшады
Фото: r.wikipedia.org

Amazon мен Blue Origin ғарыш компаниясының бас директоры Джефф Безос шілдеде ғарышқа ұшады. Бұл туралы миллиардер Іnstagram парақшасында мәлім етті.

"Бес жастан бастап ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілде күні бұл сапарға ініммен бірге аттанамын. Бұл ең жақын досыммен өткеретін есте қаларлық сапар болмақ", — делінген Безостың жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jeff Bezos (@jeffbezos)

Blue Origin шілдеде Безос пен оның інісінің New Shepard басқарылатын ғарыш кемесінің бірінші сапарына орай ұйымдастырылған аукцион жеңімпазымен бірге ғарышқа ұшатынын растады.

Джефф Безос жақын болашақта Айда адамдар тұратын шағын ауылдар, ауыр индустриялық аймақтар салынатынын Калифорниядағы журналистермен кездесуінде айтқан болатын.

Миллиардердің есептеуінше жақын уақыт аралығында ғарышқа ұшу бағасы арзандайды.

"Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз. Қалғысы келгендер қала берсін. Миллиондаған адамдар Айда жұмыс істеп, Жер бетіндегі ауыр өнеркәсіптік нысандарды сол жаққа көшіруге болады. Бұл Жер бетіндегі өсіп бара жатқан қажеттіліктерді өтеудің бірден-бір жолы", – деген кездесуінде Безос.

Джефф Безос алдымен Ай бетіне қонатын кемені жасауды ұсынған еді.

"Nasa рұқсат бермесе де бұл істі біз жүзеге асырамыз. Ерте ме, кеш пе бұл орындалады. Бірақ біз бірлесіп жұмыс істесек мақсатымызға тезірек жетеміз", – дейді Джефф Безос.

Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы негізі қаланған "Blue Origin" компаниясы ғарышқа туристік сапарға шығуды ұсынатын жер бетіндегі санаулы компаниялардың бірі болып есептеледі.

Т. Раушанұлы