Кітаптарды тегін жүктеуге болатын ТОП-10 сайт

Кітаптарды тегін жүктеуге болатын ТОП-10 сайт
Фото: envato.com

Оқырмандардың басым бөлігі электронды кітапқа көшкелі біраз уақыт болды. Сонымен бірге электронды кітапхананың да қолданыс аясы артты. Бүгін назараларыңызға кітаптарды тегін жүктеп алуға болатын сайттар топтамасын ұсынамыз.

1. Bookfor.ru
Қолданушылар үшін түсінікті әрі ыңғайла етіп жасалған сайттан fb2, epub, mobi, azw3, txt форматында кітаптарды жүктеп алуға болады.

2. Кitap.kz
Қазақ және шетел жазушыларының шығармасын қазақ тілінде оқи аласыз. Сонымен қатар, аудио нұсқасын да табасыз. Жүктеп алумен қатар, онлайн оқу мүмкіндігі бар. 

3. Klex.ru
Түрлі тақырыпта сирек кездесетін әрі қызықты кітап нұсқалары жинақталған. Бұл жерді кітап қоры деп атасақ та болады. 

4. Fb2-epub.ru
Time журналының нұсқасы ұсынған рейтингтер бойынша жиналған электронды кітапхана.  Кітаптарды  fb2 және epub форматы бойынша жүктеуге болады.

5. Librate.ru
Қарапайым, жеңіл әрі ыңғайлы. Барлық кітапты қолданушылардың өзі өзге құжатқа алмастыру мақсатында жүктейді. Кітаптарды fb2, epub, txt, rtf, pdf, doc, djvu фоматтарында жүктей аласыз. Сайтта аудио кітаптар да бар. 

6. Studyspace.ru
Онлайн режимде студенттер мен аспиранттарға арналған ғылыми кітапхан қоры. Бұл жерде оқулықтар, рефераттар мен зерттеу жұмыстарын жүктеп ала аласыз.

7. Psylib.org.ua
Киев Қорымен жасалған психология, өзін-өзі тану және дамыту бағытындағы онлайн кітапханадан кітаптарды тегін жүктеп алып, оқуға болады. 

8. Kot-knigovod.ru
Жүктеуге арналған кітаптар тек екі форматта ұсынылған: fb2 және txt. Сайт интерфейсі қарапайым, қызықты әрі жеңіл Бұл жерде бестселлер кітаптардан бастап ғылыми оқулықтар да бар.  

9. Book2.me
Шағын онлайн кітапханадан кітапты rtf және txt форматында жүктеп ала аласыз.

10. Coollib.net
Тегін электронды кітапханадан кітаптарды жүктеп алуға не онлайн оқуға болады. Ұсынылатын форматтар: fb2, txt, html, rtf, epub, mobi.

Т. Есқали