Жасыл энергетика саласындағы қазақстандық кейс НУ Жоғары бизнес мектебінің білім беру бағдарламасының алғышарты болды. NUGSB қабырғасында "ТехноГруппСервис" ЖШС NUGSB студенттермен жаңартылатын энергия саласындағы табыс тарихын баяндап берді.
NUGSB (АҚШ Дьюк университетінің Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық серіктестікте жұмыс істейді) кәсіпкерлер мен кәсіби менеджерлерді оқытатын орын.
Қазақстандық "Көк теңізді іздеу" қазақстандық бизнес-кейс Лондондағы халықаралық бизнес-кейс орталығына жіберілді. Бұл бизнес-кейс әлемнің бизнес мектептерінде оқытылады.
TechnoGroupService серіктес құрылтайшысы Жомарт Момынбаев бизнес-кейстің құрылу тарихын айтып берді.
"НУ Executive MBA-2016 студенті ретінде мен неге біз тек шетелдік жетістік тарихтарын оқимыз деп ойлайтынмын. Олар сөзсіз құнды, бірақ еліміздің табыс тарихы да қажет қой. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз өз компаниямызды мысалға ала отырып, барлық халықаралық стандарттарға сәйкес отандық бизнес-кейс әзірледік", - деді ол.
НУ GSB профессоры Чет Боруканың бизнес-стратегия курсы аясында отандық кейсті зерттеген НУ Бизнес мектебінің студенттерінің айтуынша, баламалы энергия саласы қарқынды дамып келе жатқан кезде олар үшін нағыз қазақстандық компания тәжірибесін көру, зерттеу өте қызықты және пайдалы болған.
Айта кетейік, осыған дейін "ТехноГруппСервис" ЖШС 2021 жылы "Алтын сапа" Президент сыйлығының иегері жасыл энергетика саласындағы бірінші компания болды, ал 2022 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласының маңында қуаттылығы 50 МВт болатын күн станциясын сәтті пайдалануға берді.