Жаңа жылға: айлық өзгеріс

Жаңа жылға: айлық өзгеріс

Жаңа жыл жаңа үміт сыйлап, өмірімізге өзгерістер енгізеді. Адамдар жоспар құрып, оны бірден іске асыруды ойлайды. Дегенмен, біз сізге жоспарыңызды толық әрі тиімді орындаудың жолын өзіндік жолын ұсынамыз. 

Қаңтар – шыдам мен төзім уақыты
Бұл ай өзіңіздің сезімдеріңізді саралайтын уақыт. Қандай мәселелрге төтеп бере алмайсыз, қай кезде эмоцияға берілесіз соны аңғарыңыз. Осы ай бойына «жаңа» өміріңізді бүлдіріп алмау үшін ішкі сезімдеріңізбен жұмыс жасаңыз.

Ақпан – қарым-қатынас уақыты
Осы айда айналаңызды қоршаған жандарға жылу сыйлаңыз. Жаңа таныстар табыңыз, достарыңызан қарым-қатынасыызды нығайтыңыз.

Наурыз – зейін қою мезгілі
Наурыз – әлем біткен оянып, тіршілікке кірісетін сәт. Сіз де бұл сәттен құр қалмай, мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдаланыңыз. Күшіңізді өзге нәрсеге құртпай бір іске жұмылдырыңыз. 

Сәуірде сенімді бол түсіңіз
Өзіңізге деген сенміділікті арттыратын сәт туды. Осы уақытқа дейін жасаған әрекеттеріңізді саралап, өзгерістерге көз жүгіртіңіз. Әр аптаның аяғында өзіңіздің жетістіктеріңізді жазып жүріңіз.

Мамыр сүйіспеншілікке бөлейді
Сізді қолдайтын жандарға назар аударуды ұмытпаңыз. Сыйлық сыйлап кейде оларды қуантып алыңыз.  

Маусым – есеп беретін кез
Маусым – жылдың экваторы. Бұл айда сіз өткенге бір көз жүгіртіп,қандай жетістікке жеткеніңізді бір шолып өтіңіз. Өзіңізге жарты жылдың есебін беріңіз.

Шілде – еркіндік
Бұл уақытта демалыңыз. Қауырт әрекеттің барлығын реттеп алыңыз да, демалысқа көңіл бөліңіз. Отбасыңызға, бауырларыңызға қыдырып баруды ұмытпаңыз.

Тамыз – шығармашылық
Аздаған үзілістен соң шығармашылғыңызға бет бұру әлдеқайда жеңіл бола түседі. Демалыста жинап алған күшіңізді енді шығармашылғыңызға жұмсаңыз.

Қыркүйек – білім
Өзіңізді дамытыңыз. Сіздің болашақта тұлға болуыңыз үшін міндетті түрде білім керек. Кітап оқыңыз, мазалған сұрақтардың жауабын іздеңіз.  

Қазан өзгерістерді саралаңыз
Бойыңыздағы өзгерістерді тағы бір ой елегінен өткізіңіз. Апта сайын өзіңіздің құндылықтарыңызды, міндеттеріңізді жазып жүріңіз. 

Қараша – табыс
Осы айда табысқа жету үшін сіз жыл бойына тер төктіңіз. Адамдармен араластыңыз, жаңа таныстар таптыңыз. Таза еңбегіңіздің жемісін бірден көру мүмкін емес. Уақыт беру керек. Ал, сіз табысқа жету үшін жыл басынан бастап еңбек еткеніңізді ескерсек, табысқа қол жеткізетін сәт туды.  

Желтоқсан – қуаныш
Жыл аяғына таяу қалды. Демек, сіз өзіңізге қойған жоспардың бір бөлігін атқарғаныңыз анық. Өзіңізді марапаттау үшін уақыт табатын кез келді. Енді келесі жылға жаңа жоспар құрыңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы