«Массагет» оқырмандары жылдың үздік актері мен актрисасын таңдады

«Массагет» оқырмандары жылдың үздік актері мен актрисасын таңдады
Фото: vk.com

«Массагет» оқырмандары 2015 жылдың үздіктерін таңдау сауалнамасына қатысып, белсенділіктерін танытты. Назарларыңызға оқырмандар таңдауындағы жылдың үздік актері мен актрисасын ұсынамыз.

Танымдық бағытта жұмыс жасайтын порталымыздың оқырмандары жылдың үздік актері ретінде Тәуекел Мүсілімді таныды. Екінші орынға Нұртас Адамбаев орналасса, үздіктердің үштігін Берік Айтжанов түйіндеді.

Жылдың үздік актрисасын таңдауда Кәмшат Жолдыбаева ең көп дауыс жинады. Кәмшаттан кейінгі орынға Гүлназ Жоланова орналасса, үшінші орынға Жания Джуринская ие болды. Ол Аружан Жазылбековадан 2 дауыс қана артық жинады. 

Айта кетейік, осыған дейін «Массагет» порталының оқырмандары жылдың үздік әні мен әншісін, және фильмін таңдаған болатын. 

О. Сансызбай