Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Тауешкі

Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Тауешкі
Фото: rudaki.ru

Тауешкілер – ұйымдастырушылық қасиеті мол, батыл жандар. Олар баяу қимылдаса да, әрдайым дұрыс жолмен жүреді, әр істі алдымен жоспарлап алады. Табиғатынан басқаруға қабілетті. Сырт көзге қатал мінезді болып көрінсе де, жүрегі өте нәзік. Болашақта тату-тәтті отбасын құрғысы келеді. Ақшасыз жүруді ұнатпайды, сондықтан үнемі жалақысы жоғары жұмыстарға ғана орналасады.

Келер жылдан не күтеміз?

Жылдың басында қаржыға байланысты қиындықтардың барлығын шешу мақсатымен көп жұмыс істейсіз. Өкінішке орай, заң бұзып, сотқа жүгінуіңіз де ғажап емес. Айналаңыздағыларға мұқият болыңыз. Олар сізге қастандық жасауы мүмкін.

Махаббат

Жалғыз жүрген тауешкілер шаңырақ көтеріп, отбасын құру туралы шешім қабылдайды. Өзі дайын болмаса да, сүйіктісі осы қадамға баруына мәжбүрлейді. Десе де абай болыңыз. Мұның барлығын ол сізді тексеру үшін немесе қалжыңдап жасауы мүмкін.

Ақша

Басқа салада болмаса да, қаржы мәселесіне келгенде әбден жолыңыз болады. Үлкен ұтысқа ие болуыңыз да ғажап емес. Бірақ ақшаны аз жұмсауға тырысып, бір бөлігін сақтап қойыңыз.

Мансап

Жыл бойы жаңа адамдармен жолығып, маңызды кездесулер өткізесіз. Өз ісіңізден ләззат алып, қызметте жоғарылайсыз.

Денсаулық

Жылдың басында көп жұмыс істегендіктен, психологиялық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Түнде ұйқыңыздан айырылып, айналаңыздағыларға ашулана бастайсыз. Өзгелерге жөнсіз тиісетін әдет қалыптастырасыз. Таза ауада көбірек жүруге тырысыңыз. Ішімдік пен темекіден аулақ болыңыз.  

Қ. Бүйенбай