- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңа жыл шыршасы...
Жаңа жыл шыршасы жайлы қазақ даласында болған әсерлі оқиға
Жаңа жыл қарсаңында балалардың барлығы ғажайыпты күтеді. Кейін өскенде, мерекенің басты сиқыршылары ата-аналары болғанын түсінеді. Әрине, балалардың көпшілігі Аяз Атаның сақалын кімнің тағып алғанын бұрыннан біледі, сондықтан олар сыйлықтың планшет немесе ұялы телефон түрінде болғанын қалайды.
Pikabu порталында Солтүстік Қазақстанда болған қызықты оқиға жарияланды. Ол кейде жаңажылдық ғажайып үшін балаға көп нәрсенің керек емесін дәлелдейді.
"Анам бала күнінде ата-әжесімен бірге Қазақстанның солтүстігіндегі бір ауылда тұрған. Ол бетпақ дала. Далада ағаштар жоқ. Ал қыста қардан басқа ештеңе болмайды. Анам Жаңа жыл қарсаңында бір ғана нәрсені армандаған - жаңажылдық шыршаны, бірақ бұл арманды орындау мүмкін емес еді. Себебі қуаң далада шырша өспейді. Бірақ ертегілердің барлығында Жаңа жыл шыршасыз өтпейді, ал анам шыршаны ешқашан көрмеген - тек суреттен ғана. Атасы мен әжесі немерелерінің тілегін орындай алмаймыз ба деп қатты алаңдап, оның шешімін тапты! 31 желтоқсанға қараған түні атасы өзен алқабынан бір түп мойылды жұлып әкеліп, әжесі екеуі түнімен газеттерді жасыл түске бояды, оларды шашақтап кесіп, әр бұтағына жапсырды. Әр бұтағына!
Таңертең анам оянғанда, бөлмеде нағыз шырша тұрды! Анам күні бойы қолдан әшекей жасап, шыршасын безендірді. Нағыз шыршасын!
Қазір анам ол кездің балалық шағының ең бақытты сәті болғанын айтады және сол шыршаның арқасында әлі күнге дейін ғажайыпқа сенеді. Ал мен сол оқиға үшін сенемін. Мен үшін нағыз махаббаттың ең жақсы үлгісі − сол оқиға".
Авторы: ©karakundra/Pikabu
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін