- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңа жыл –...
Жаңа жыл – 2016. Қарды қолдан жасайық
Фото:
massaget.kz
Уйде, мектепте, жатақханада немесе кеңседе жеңіл әрі жылдам жасалатын жаңажылдық безендірудің бір түрі өз қолымызбен қағаздан қар жасау. Оларды терезелерге жабыстыруға немесе шыршаға ілуге болады. Төменде қағаздан қар жасаудың жолын рет-ретімен көрсетеміз.
Ақ парақ, қарындаш, қайшы, сызғыш және өшіргіш қажет.
Ақ парақты тіктөртбұрыш етіп қиып аламыз. Оны ортасынан бүктейміз.
Тағы да үшбұрышты етіп бүктейміз.
Суретте көрсетілгендей етіп бүктейміз.
Артығын қиып тастаймыз.
Өз қиялыңызбен немесе дайын сызбаларға қарап сурет саламыз.
Сурет бойынша қиып шығамыз.
Қағаздан жасалған қарымыз дайын!
Шырша тәрізді түрін де ұсынамыз. Жаңа жылдарыңызбен!
А. Жапатова