Жаңа жыл – 2016. Банан туралы қызықты деректер

Жаңа жыл – 2016. Банан туралы қызықты деректер
Фото: rudaki.ru

Банан — көп адам сүйіп жейтін дәмді жеміс. Оның денсаулыққа пайдасы да мол. Назарларыңызға ол туралы қызықты деректер ұсынамыз. 

1. Бананның сабағы кейде 10 метрге дейін жетеді, ал диаметрі 40 сантимерге дейін. Әдетте бір сабағында 500 кг болатындай банан өседі.

2. Зимбабвенің алғашқы президенті Канаан Банана болған.

3. Банан тек сары түсті емес, қызыл түсті де болады.

4. Жер бетінде қызыл, қара және алтын түстес банандар тек МАО аралында өседі.

5. Өзге жемістерге қарағанда бананның құрамында В6 дәрумені көп.

6. Бананды ең көп өндіретін мемлекеттер — Үндістан мен Бразилия.

7. Кептірілген баннаның калориясы жаңа піскеніне қарағанда бес есе көп.

8. Бір бананда 300 мг калий болады.

9. Эстониялық Майт Лепик 3 минут ішінде 10 банан жеп, оны жылдамдыққа жеуден рекорд орнатқан. Ол бананды қабығымен бірге жеген.

10. Латын тілінде бананды «musa sapientum» деп атайды. Ол «дана адамның жемісі» деген мағынаны білдіреді. 

Қ. Бүйенбай