Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Таразы

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Таразы

Өткен жылы таразылардың біршама шешілмеген мәселелері бар еді. Келер жылы олар ақырындап шешіледі.

Мансап

Келер жылы таразылар жалақысы жоғарырақ жұмыс орнына ауысуына мүмкін. Сіздің талантыңыз бен ынтаңыз бағаланып, жұмыс берушіңіз тиімді ұсыныс жасайды. Қой жылы өзімен бірге сізге жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Барлық істеріңізді жемісі болады.

Қаржы

Қаржы мәселесінде де жұлдыздар сізге оңынан қарайды. Ақшаңыз мол болады. Қарыздарыңыз да қайтады. Таразылар жағымды энергиясының арқасында табысты жұмыс атқарады. Лотореядан, құмар ойындарынан аулақ болыңыз, мұндай әдіспен ақша табуыңыз екіталай. Ақша тек адал еңбегіңіздің нәтижесінде көбейеді.

Махаббат

Жалғыз жандар келер жылы өзінің сыңарын табады. 2015 жыл жаңа таныстар мен романтикалық кездесулерге толы болады. Жаңа қарым-қатынас бастауға даярлығыңыз махаббатыңызды кездестірудің кепілі. Өзіңіз бірінші болып танысуға, қоңырау шалуға, кездесуге шақыруға жүрексінбеңіз. Алайда, кез келгенге шын жүрекпен сенудің қажеті жоқ.

Денсаулық

Денсаулығыңызға мән беріңіз, әсіресе, қаңтар мен наурыз айлары аралығында жылы жүріп, дәрумендерді қабылдаңыз. Келер жылы денсаулығыңызға қатер төнуі екіталай. Сонда да өзіңізді күтуді ұмытпаңыз. Жұлдыздар сізге таза ауа жұтып, жиірек жаяу қыдыруға кеңес береді. Күзде асқазан, ішек тазартуға тура келеді. Оның алдын алу үшін тек дұрыс тамақтануға тырысыңыз.

Келер жыл сіздерге тек шаттық пен қуаныш әкелсін!

Сурет: xn--80aqafcrtq.cc

Оқи отырыңыз:

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Бикеш

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Арыстан

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Шаян

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Егіздер

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Тоқты

Ф. Абилова