- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңа жыл кешіне...
Жаңа жыл кешіне арналған жұмбақтар
Жаңа жыл да есіктен сығалап кіріп келеді. Мерекеге қызу дайындық басталып та кетті. Ал, біз осы орайда мектептегі Жаңа жыл мерекесі кештері мен түрлі ұйымдардың отырыстарына арналған қызықты жұмбақтар топтамасын ұсынaмыз.
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
(Аяз ата)
Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті.
(Қар)
Көкке қарап наздана
Қолын созар күнімен.
Күз,
Қыс,
Көктем,
Жазда да
Өзгермес бір түрінен.
(Шырша)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(Аяз)
Қыс түсіп, қар жауса, кілең
Дала кезіп тыншымайды.
Көрінбейтін саусағымен
Бетті аямай шымшылайды.
(Аяз)
Бет-аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді.
(Аяз)
Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.
(Жыл мен он екі ай)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)
Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды?
(Қыс)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады.
(Жапалақтап жауған қар)
Cурет: happynewyear2015x.org
О. Сансызбай