Еуро-2012 жайлы қызықты фактілер

Еуро-2012 жайлы қызықты фактілер

Еуро-2012 қазір әлем жанкүйерлерінің көңілін көл қылып тұр. Әркім өз елінің құрамасын қолдап, жалпы футбол әлемінің қызықтарын тамашалауда. Матчтардан сәл демалып, Еуро-2012 жайлы қызықты фактілермен таныс болыңыздар.

  • Еуро-2012 жеңімпазы атанатын құрамаға 20 мың евроға бағаланатын кубок тиесілі болады. Кубок таза күмістен құйылған, салмағы 8 килограмм, биіктігі 60 сантиметр.
  • 2012 жылғы "Еуроның" финалдық раундында 16 команда ойнайтын соңғы турнир болады. 2016 жылдан бастап финалдық раундта 24 құрама бәстесетін болады. 
  • Бұл Шығыс Еуропада алғашқы рет өткізіліп жатқан Еуропалық біріншілік. 
  • Чемпионатқа 136 футбол клубының 368 өкілі қатысады.
  • Еуропа чемпионатының ешбір жеңімпазы өзінің титулын қорғап қала алмады. Биыл Испания жеңіске жетіп, тарихқа абыроймен кіруі әбден мүмкін. 
  • Германия құрамасы біріншіліктегі ең тәжірибелі құрама болып саналады. Олар Еуропа чемпионы атағына 3 рет қол жеткізіп, 10 рет финалдық ойынға қатысқан. 
  • Англия құрамасының футболшыларының барлығы өз чемпионаттарында өнер көрсетеді. 
  • Чемпионаттың финалдық ойындарына әр турнир сайын бір жаңа құрама қосылуы дәстүр болды. Биыл ол - Украина құрамасы.
  • Ұлттық құрамасының ең жақсы бомбардир атағы неміс Мирослав Клозеге тиесілі. Ұлттық құрама ойындарында ол 63 гол салған екен.
  • Ал ұлттық құрамалардың нағыз майталманы испандық Икер Касильяс. Ол Испания құрамасымен 129 матч өткізген екен. 

Ал сіз Еуро-2012 жайлы қандай қызықты деректермен бөлісе аласыз?

Дайындаған: Аринова Сания

Сурет: fresher.ru

С. А