ӘЧ-2014. Родригес – ең үздік гол авторы!

ӘЧ-2014. Родригес – ең үздік гол авторы!

Колумбия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатындағы асқан шебірлікпен соғылған ең әдемі голдың авторы атанды. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты хабарлап отыр.

1/8 финалда Уругвай қақпасын 28 минутта дәл көздеген сұрмерген қақпа торында допты тулатқан еді. Қақпашы Фернандо Муслера допқа қалқан бола алмаған-ды. Айып алаңының сыртынан соғылған гол ең көп дауыс жинап, топтық кезеңде Нидерланды құрамасының шабуылшысы Робин ван Персидің Испания қақпасына соққан голынан үздік шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Колумбия құрамасының футболшысы ХХ «мундиальдың» үздік сұрмергені атанып (6 гол), «Алтын бутсыны» иеленген болатын. Осыған дейін «Монакода» ойнаған Хамес жақын күндері мадридтік «Реал» сапын толықтырады деп күтілуде.

Ө. Сансызбай