Массагет бәйге жеңімпаздарын құттықтайды!

Массагет бәйге жеңімпаздарын құттықтайды!

Әне-міне дегенше Әлем чемпионаты да өте шықты. Отыз күн болған ойынның қырық күндік қалған жаңалығы бар әлі. Осы дүбірлі додамен тікелей байланысты Massaget.kz порталы оқырмандарына арнап бәйге жариялаған-ды.  ХХ «мундиальдың» жеңімпазы анықталғанмен, болжамдар бәйгесінің жеңімпазы негізгі кезеңде анықтала қоймады...

Бір ай бойы асығып-аптығып, уақытында болжам жасауға асыққан қатысушылардың қарасы мол болды. Жүзден жүйрік шығуға асыққандардың көбі дерлік жарысты соңына дейін аяқтады. Ал кейбір қатысушылар жүлдеден ертерек үмітін үзді. Бағын сынап, болжам жасаған барлық үміткерлерге алғысымызды білдіреміз. Енді жеңімпаздар туралы бірер сөз.

Бірнеше рейтинг қорытындысында Ернұр Ермағамбет есімді қатысушымыз қарсыластарына дес бермей, көш бастап тұрды. Соңғы сәттерде ол қарсыластарынан 6 ұпайға дейін озып кеткен болатын. Алайда, соңғы болжамдары сәйкес келмеді. Нәтижесінде финалдағы Германия мен Аргентина ойынының дәл нәтижесін тапқан Али Аубакир көшбасшыны қуып жетті. Бұл бәйгенің нағыз шырқау шегі десек болады. Ендеше бас жүлдеге үміткер болып отырған екі қатысушының ұпайлары тең болған жағдайда жеңімпазды анықтау жүйесін басты ережеде айта кеткен болатынбыз.

Егер бәйге жеңімпаздарының ұпайы жарыс қорытындысында тең болған жағдайда, олар 1 мен 20 аралығындағы кез келген бір санды өздері таңдап, ол жөнінде сайт әкімшілігін хабардар етуі тиіс. Одан соң бәйгені ұйымдастырушылар randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдаумен анықтайтын болады.

Міне, бір айға созылған болжамдар бәйгесінің жеңімпазы ертең дәл осындай жүйемен анықталатын болады. Қызылорда өңірінің ұландары Ернұр Ермағамбет пен Али Аубакир өздерінің таңдаған сандарын бізге хабарлады. Ернұр «5» санын таңдаса, Али «10» санын таңдады. Кездейсоқ сан арқылы жеңімпазды анықтау рәсіміне екі қатысушының да достары шақыртылды. Жеңімпаздың анықталу сәтінен көріністер мен бейнебаяндарды назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Алғашқы ондыққа енген қатысушыларға сыйлықтарымыздың барын хабарлаған болатынбыз. Қорытындысында он үшінші орынға дейін ұпай көрсеткіші тең болған қатысушыларды сыйлықтармен және алғыс хаттармен мараппаттауды жөн деп таптық.

І орын – iPad және Massaget.kz кубогы


ІІ орын – саяхат сөмкесі мен құрал-жабдықтары

ІІІ орын – шахмат, дойбы мен нардының үлкен тақтасы - А*й*с*а*н*а

IV орын – «Brazuca» добы -  Олжас Ганиев

V-VII орындар – Massaget.kz порталының арнайы жейдесі және арнайы сыйлықтарымен мараппатталады -  nurbek aidarbek, Еркебулан Жаулыбаев,   Araylim Kaldibaeva


VIII-XIII орындар – Massaget.kz порталынан естелік сыйлықтар - bekbol ismagulov, Дарибай Устемир, Aigera Talgat, Амирхан Мукангали, Dina Sanatovna, Мейрамбек Ермұханбетұлы

Құрметті жеңіс тұғырынан көрінген қатысушылар сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Сыйлықтарыңызды 8 (727) 388 81 18, 8771 300 3708 телефондарына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдау арқылы ала аласыздар.

Белсенділік танытып, бір ай бойы футбол тойын бірге тамашалаған барлық бәйгеге қатысушылардың отбасына амандық пен зор денсаулық тілейміз! Өмірде жолдарыңыз бола берсін!

 Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz

Бәйгеге қатысқандардың толық рейтингі

О. Сансызбай