Зерттеушілер: 2021 жыл жылдам өтеді

Зерттеушілер: 2021 жыл жылдам өтеді
Фото: wallbox.ru

Биыл Жер ғаламшарының өз білігінен айналу жылдамдығы біршама артады. Мұны Бүкілресейлік физика-техникалық және радиотехникалық өзгеріс ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

"Алдын ала зерттеулерге қарағанда, Жердің айналу жылдамдығы 2020 жылғыдай болуы мүмкін. Яғни, жылдамдығы шамалы артады", - деп түсіндірді институт мамандары.

Мамандар 2020 жылы жер ғаламшарының айналу жылдамдығы 28-ге артқанын байқаған. Мұндай құбылыс соңғы рет 1960 жылы болған.

2020 жылы 19 шілде күні жер 1,4 миллисекунд жылдам айналған. Мамандардың болжауынша, бұл оқиға биыл да қайталанады.

Жер ғаламшары күн уақытын "қуып жету" үшін 1972 жылдан бері жылдамдығын 27 секундқа дейін арттырған.

Қ. Слямбек