Порталға не үшін

Порталға не үшін "Массагет" атауы берілді?

Массагет ойын-сауық порталының құрылғанына жыл толды. Алдағы уақытта тұсауын кескелі отырған қазақ тілді бұл порталдың атауы не үшін «Массагет» болғаны жайлы оқырмандар сұранысы жоқ емес. Әңгімені әріден бастайық.

Массагет даласы

Массагеттер – Ежелгі Грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі арасын мекендеген бір емес, бірнеше тайпалар тобының ортақ атауы. Кейде олар "Массагет одағы" деп те айтылып жүр. Демек, бүгінгі Қазақстанды мекен еткен тайпалардың батыс, оңтүстік бөлігі «Массагеттер одағы» деген атпен бүгінге жеткен. "Массагет – ұлы сақ ордасы деген мағынаны береді" деген зерттеулер де жоқ емес. Массагет көшпелі тайпа. Сол кезден қалған қару-жарақ, ат әбзелдері соның айғағы. Әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған.

Массагеттер патшасы - Тұмар (Томирис) ханшайым

Кирдің басын қанға малған ханшайым

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер. Массагет одағына кіретін Скиф, Сақ секілді тайпалардың әйелдері де батыр, ержүрек болып, тарихта аты қалған. Соның бірі һәм бірегейі күні бүгінге дейін әлем халықтарына белгілі Тұмар ханшайым (Томирис ханым). Оның тарихта ешкімге дес бермеген Парсы патшасы Кирдің басын алып, қанға толтырылған торсыққа салғызғаны жайлы тарихи аңыз таңғажайып ерлікпен жырланады. Массагеттер даласына келгенде жарты әлемді жаулаған Ескендір Зұлқарнайын патшаның да тауы шағылған. Осы ержүрек Массагет жауынгерлері арқасында кең байтақ Еуразия даласы ешкімге берілмеді.

Массагет баһадүрлерінің бүгінгі ұрпақтары

Міне, құрметті оқырман, біз шағын ғана дерек бердік. Бұл сайтқа не үшін «Массагет» атауының берілгенін аңғарған боларсыздар. Ертеңгі болашаққа аттанар әрбір жас ұрпақ кешегі тарихты ұмытпағаны абзал. Массагет баһадүрлері – бүгінгі қазақ руының, түркі халықтарының арғы бабалары. Массагеттер одағы – қазақ тарихында алтын әріппен жазылар мақтаныш. Жасай бер, Массагет даласының ұрпақтары – «Массагеттің» оқырмандары!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: liveinternet.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал