Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 мамыр 2016 / 9 мамыр. Соғысқа қатысқан ақындар өлеңдері

9 мамыр. Соғысқа қатысқан ақындар өлеңдері

9 мамыр. Соғысқа қатысқан ақындар өлеңдері

Қаһарлы қан майданда қарумен қатар қаламын және қойын дәптерін қолынан тастамаған тұлғалар жетерлік. ХХ ғасыр Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін жаттап, өздері де іштен шыққан дауылды жырларын қағазға түсіруден талмаған.

Соғыстың азапты күндеріне қарамастан, жыры мен мұңын, хаты мен жырын табылған нәрсеге, кейде тіпті түк табылмағанда, жейдесін жыртып, оған қанымен жазған жанкешті жазушылар мен ақындар да болды. Қасым Аманжолов, Сырбай Мәуленов, Хамит Ерғалиев, Тоқаш Бердияров, Мұзафар Әлімбаев, Жұбан Молдағалиев, Сағынғали Сейітов, Қалижан Бекхожин, Дихан Әбілев, Әбу Сәрсенбаев, Жұмғали Саин сынды атақты ақындар сұрапыл соғысты өз көзімен көріп, ішінде жүргенде де, кейбірі қайта оралғанда да жырына қосты. Сол жалынды жырлардың ғаламторда жарияланбаған нұсқаларын оқып, жігеріңізді жаныңыз.

Ешқашан да қайталанбас қырық бір

Сездіңдер ме, сергектердің ұрпағы!
Дүние бүгін елең қағып тұр тағы.
Көкжиектен сығалайды бір үрей,
Таптаймын деп ойпаң менен қырқаны.

Есерсоқтар еліреді есіре,
Глобусқа төніседі тесіле,
Жасасады жаңа жорық жоспарын,
Қырық бірді түсіреді есіне.

Мәлім бізге: неден олар дәмелі,
Аз болып па фашизмнің әлегі.
Оңай ғана опырамыз дей ме екен,
Өікей батыр – отандастар әлемін!

Аспан-көкті бір қара бұлт торлайды,
Ракеталар қанаттарын қомдайды.
Тарих куә – қырық бірге құштарлар,
Қабырғасын қаусатады! Оңбайды!

Жоқ, ешқашан қайталанбас қырық бір.
Қарай алман бұған көзді жұмып құр.
Қайталанбас жиырма екісі июньнің!
Заман басқа! Заңың басқа зерде ұғып тұр!

Ерлік елі үрпиісіп-үрікпес,
Ынтымақтан күш-қайратын ірікпес.
Ей, мырзалар!
Аптықпаңлдар, анталап,
Ең алдымен есте болсын Қырық бес!

Сағынғали Сейітов

Аттанайық майданға

Телегей-теңіз қан майдан,
Тебіренді қыз бен ұл.
Зеңбіректер аңырады,
Тітіренді ой мен қыр.

Мен де аттандым жорыққа,
Бір жүрейік, кел, достар.
Жау алғанда жағадан,
Жарақтанбай кім тұрар.

Арқыра, тұлпар аттарым,
Ауыздығың қаршылдап,
Аттанайық майданға
Қызыл жабу жамшылап.

Тебінгімнен тер ақсын,
Теңселме сонда теңбіл көк.
Қанжығамнан қан ақсын,
Қатарласа қусын оқ.

Қажыма, сонда жануар
Қабағымды мен шытпан.
Қарайламан артыма,
Шүберекте шыбын жан.

Күркіреп жаңбыр орнына,
Оқ жауса да аспаннан.
Кескілермін дұшпанды,
Қылыш түспес қоылмнан.

Аттанайық, достарым,
Қару-жарақ тағынып.
Кімді намыс кернемес,
Жау тұрғанда қағынып.

Тұлпарлардың жібектей,
Кекілдері таралсын.
Маңдайына меруерттен
Қызыл жұлдыз қадалсын.

Жұмағали Саин

Өтелген парыз 

Соғыс оғы сорлатқан жаралы қол,
Маңдайынын сипауға жарады мол.
Сырбай сұлу сазың ғой, Тек біліп қой,
Көрінген жоқ тотыдай таранып ол.

Оқығанда Торғай мен Сыр жайлы өлең,
Оны бейне үні ашық сырнай дегем.
Бар болмысын бүтіндей бүгін айтсақ,
Жұмысшы ғой, шаруа ғой Сырбай деген.

Досың ғой ол үп-үлкен денесіндей;
Естілігі орнықты ел есіндей.
Және жаны – құлыншақ... Бір күні жоқ
Өткізетін өз жұртын енесінбей.

Басса бассын осының жастар ізін,
Алпыстағы ақынның жоспары ұзын, –
Берері көп!.. Қанағат сөзін айтсақ,
Азамат бұл өтеген өз парызын!

Хамит Ерғалиев 

Өсиет

Комбат ауыр жарады,
Абыржыдық хал сұрап.
Сөнетіндей жанары,
Жайсыз жатыр қансырап.

Командирін өлімге
Кім қияды, жан шыдап.
Мұң қонақтап көңілге,
Көзден моншақ тамшылап.

Тұрдық қоршап айнала,
Траншея кемерін.
Тындық жым-жырт жай ғана,
Білмей ешкім не дерін.

Өткелдерден ол өткен
Алдырмай да, шалдырмай.
Мұрттай ұшты кенеттен,
Таусыншық бір тағдырдай.

Жиырма бірде небәрі,
Уылжыған уыздай.
Құласа да ол әлі,
Жығылмаған туымыздай.

Төзген талай ауырға,
Алдында еді болары.
Күтетіндей ауылда
Қалыңдығы жоқ әлі.

Жатыр ерні кезеріп,
Кегін жауға жібермей.
Пистолетін кезеніп,
Атып түрегелердей.

Дем ала алмай қысылып,
Ентікті де алқынды.
Тұрмақ болып... ұмсынып,
Жер тіреді, талпынды.

Комбат тілі күрмеле,
Қолын кенет бұлғады.
Айтатындай бірдеңе,
Көкжиекті ымдады.

– Ризамын, достарым,
Көз жұмармын көктей жас.
Өлім емес тосқаным,
Тәтті тірлік еді, рас.

Өкінішім жалғыз-ақ
Шекараға жетпедім.
Өтінішім жалғыз-ақ
Келмес елден  шеттегім.

Енді сендер бастаңдар,
Билік көшсін біріңе.
Жеткізіп бір тастаңдар
Шекараға тіріде!..

...Жайдық плащ-палатка,
Орап соған комбатты.
Тік көтердік заматта,
Алда асу, жол жатты.

Сағындырған көптен-көп,
Ала баған! Дүр баған!
Саған есен жетсем деп,
Келе жатыр бір балаң.

Комбатымыз көз жұмды,
Қайтып жағын ашпады.
Бітті жиын, тынды сөз,
Жазу қалды тастағы.

Жазу тұрды бағанда,
Төрт әріптен құралған:
Ол – СССР! Әманда
Адам үшін, ұлы арман.

...Ер тілегін екі етпей,
Шекараға жерледік.
Жауды соқтық жентектей,
Өктем-өктем өрледік!

Сағынғали Сейітов

Уа, адамдар, сен соғысқа кенде емессің,
жібермейсің есені,
Соңғы қырғын есіңде ме,
Қалтыратқан күллі әлемді кешегі?
Доғар енді, қырылыспа.
Ракеталар қанатында
самға келер ғасырға
Тек атоммен ойнай көрме,
Ұрынасың насырға!
Жас сәбидей біз ұстаса, қызық көріп,
сұғатын өз көзіне,
Бүлік салып жүре көрме,
жұмыр жердің жүзіне!
Ой көзі бар, арлы жандар,
қасиетті Адам ата мекені
Қырылыспасаң бәріңді де асырайды,
бәріңе де жетеді!

Әбу Сәрсенбаев

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Өңделген
Қосылған күні: 04 мамыр 2016, 16:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.