Ардагерлер сөйлейді: Әкіжанов Байзулла #4

Ардагерлер сөйлейді: Әкіжанов Байзулла #4
Фото: warsite.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Әкіжанов Байзулла Әкіжанұлы

Басы

Ал 80-85-жылдары Федотовпен кездестім. Ол мына оқиғаны еске алды. «Мен сол кезде Власовқа одан кешірім сұра, ол тапсырманы орындады, ал сен оны кемсіттің, сөктің. Әскери сотқа шақырдың. Өзіңді сотқа апару керек дедім» дейді. Кейін 1945 жылдың сәуір айында Берлин операциясының кезінде Берлинге ұша бастадық. Командир Берлинге ұшатын сегіз ұшақты жинауды тапсырды. Екінші және үшінші эскадрилиядан алдық. Үшінші эскадрилиядан Пономарев шықты, ол кейін Кеңес Одағының Батыры атанды, Моисеев, Мастян, Губре, Шахматов, ал екінші эскадрилиядан мен және Кривонос, Хошгушин шықты. Барып, суреттерге түсірдім. Аман-есен ұшып келдік. Бірақ ұшақтардың саутамтығы қалмаған...

Берлин операциясы біткен соң, полк ұшақтарды қайтып алып келуге қайта жіберді. Бардық, Прага операциясы басталып кетті. Комкор Прага операциясы үшін тағы да ұшақ жинауды тапсырды. Ұштық, тағы да суретке түсірдім. Соңғы екі әскери ұшуымды 8 мамырда жасадым. Майдан кезінде 17 рет соғыс алаңының көгінде ұшқан екенмін.

Кейін Венгрияға келдік, бұл кезде мен бөлім командирімін, бөлімде тәжірибелі ұшқыштар көп еді. Федотов – полк командирі. По-2-мен нұсқаушы болып ұшып жүрдім, өзгелерге де білетініммен бөлістім. Кейін маған демалыс берді. Демалыстан соң, Ярославльде болсын деген бұйрық шығыпты. Мұнда дивизия Ил-10-да ұшуды үйреніп жүр екен. 1946 жылы біздің дивизия 1 мамыр шеруіне қатысқан екен, ал мен қатыса алмадым, себебі, кеш бардым. Есесіне, сол жылы тамыз шеруіне қатыстым.

1946 жылы қыркүйек, жексенбі күні еді. Би кешіне бара жатып, қызып алдық. Бір кезде бір шабарман келіп «Сізді командир шақырып жатыр» деді. Барсам, командир: «По-2-ге отыр, Костромға саясат бөлімінің басшысын жеткіз» деді. Аздап қызып алғанымда айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп ойланып, айтпаймын деп шештім. Костромға апарып қайтып ұшып келе жатқанымда мотор істен шықпасы бар ма? Волга төңірегіндегі жолдың үстімен келе жаттым, егер Волганың үстімен жүрсем, мені ешкім таппас еді. Шаруалар ұшақтың құлағанын көріп, мені шығарып алыпты. Сәл болмағанда, өртеніп кетеді екенмін. Мені арбаға салып, жақын маңдағы 94-полкке алып барыпты. Ол жерден Ярославльге, 390-госпитальге әкелді. Өз-өзіме келгенде, бір ер адам менің аяқтарымды жазып жатыр екен.

«Сіз кімсіз өзі?» дедім мен, ал ол «Мен подполковник Бершанскиймін» деді. Содан мен 3 ай гипспен  жаттым. Мені Сакидегі шипажайға жіберді. Бұл жерде қуа жинап, полкке қайтып келдім, ал полк командирі көрінбеді. Полк командирі – Кеңес Одағының батыры Емельяненко Василий Борисович екен. 1942 жылы алғашқы шабуылдаушы ұшқыш, 87 рет майдан көгінде шайқасқаны үшін марапатталған. Дегенмен, полк командирі ретінде оны ешкім елемейтін. Сондықтан шығар, қайтадан Академияға кетті. Оның орнына Бабыркин келді, өте жақсы командир.

Сосын біздің дивизияны Подольскке жіберді. 1946-1948 жылдар аралығында шерулерге қатысатын болды, тек менің қатысуыма рұқсат жоқ, себебі ағам «Халық жауы» деген айыппен айдалған. Сонымен мен тек бір ғана шеруге қатыстым. Сол үшін 1948 жылы Василий Сталинге жолығуым керек болды. Бұл кезде де маған Нестеров көмектесті, оның алдына алып барды. Сталин «Рапорт қайда?» деді, рапортты бердім, «Күте тұрыңдар» деді ол. Тағы бір полковникті шақырды да, сөйлесті, маған «Бұрын қалай ұшып жүрсіз, солай ұша беріңіз» деді.

Кейін 1951 жылы медкомиссиядан өттім. Менің оң жақ аяғым 2,5 см қысқа. Жыл сайын Соколниктегі тексерістен өтетін болдым. Тексеру барысында «Келесі жылы ұшуға рұқсат» деген шешім шықты. Кеңес Одағының батыры Кравцов келіп, менің ұшуыма рұқсат бермеді...

Бұл былай болды: ол мені бұрындары тексеріп, барлық элементтерге 5 қойды. Бірақ рұқсат бермей қойды, мен «Жолдас майор, мен бала емеспін. Неге мені бағынышты көресіз?!» деп едім, «Екі күн қамауда отырасың» деді. Мен оның үстінен дивизия командиріне рапорт жаздым, командир отқа май жіберді-ау деймін, менің үстімнен бүкіл арыз-шағымдар алынып тасталып еді. Енді міне 1951 жылы соның комиссиясына тап болып отырмын ғой. Нәтижесінде менің мінездемеме қол қоймай, «Сіздің аяғыңыз сынған, реактивті ұшақпен ұшуға болмайды» деді. Мені транспорттық авиацияға жіберді, Мәскеу маңындағы 167-жеке транспорттық эскадрилияға келдім. Сол жерде ұшып жүрдім. Маған Балашиловтегі мектепке нұсқаушы болуға ұсыныс жасады. Мен нұсқаушы болғым келмейтінін айттым, өйткені адамдармен сөйлесе алмайтынмын. Щербинкадағы алыс авиацияның 89-транспорттық полкке жіберді. Дивизия командирі генерал Чистков Алексей Федорович болатын.

Полк Ли-2 және С-47 ұшақтарымен жүретін. Ал командир бәрін үнемі қадағалайтын. Кейін полк командирі мені екі мәрте Кеңес Одағы батыры атанған Новиков басқаратын алыс авиация экипажына жіберді. Ол өте қатал әрі демократияны түсінетін адам болатын. Мен оған «Жолдас маршал, неге мен алып-қашып ұшамын? Мен әскери ұшақпен ұшқым келеді» дедім. Ол «Жақсы, көрерміз» деген. Бір апта өтті, ұшпады, екінші апта өтті, мен әлі ұшпадым. Бір айдан кейін менң дивизия командирі шақырып алды да «Мен сені алыс аймаққа ұшырайын деп отырмын. Ол үшін дайындалуың керек. Ту-4-пен Рязаньға барып, жаттығасың. Дегеніңе жеттің бе?» деп мені бір қуантты. Бұл 1954 жылы болатын.

Рязаньда жүріп жаттықтым, содан соң, мені Гомельге, Зябровкаға, 290-тыңшылар авиациясына жіберді. Соғыс туындаған жағдайда мен Ливерпульге, Манчестерге, Лондонға шабуыл жасауым керек болатын. Маған берілген үш пункт осылар. Бір аптаның ішінде құпия бөлімде штурманмен бірге картаны жаттады. Кейін экипаж мүшелерімен жаттадық, бірақ оларға қайда ұшатынымызды айтпадық. Кейін мені Таяу Шығысқа 658-бомбалау полкіне командирмен бірге жіберді. Полк командирі Николай Иванович Кузнецов болатын. Мен ұшақ жүргізу ісі, аэродинамика, т.б. бас-аяғы 5-6 пәннен сынақ тапсыруым керек болатын. Бәрін тапсырдым, нәтижесінде метеорология пәнінен үш алдым. Метеоролог капитан Кочин өте қытымыр адам болатын. Кузнецов сынақ нәтижесін көріп «Ұш!» деді. Маған айналып ұшуға және зонамен ұшуға бұйрық берді. Ойдағыдай ұшып келдім. Бір күннен кейін түнде қалай ұшатынымды тексерді. Кузнецовтың орынбасары Тишенковқа байқамай «Академияда сіздерге не үйретті?» деп қалжыңдап едім, есіне сақтап қалған секілді.

Жалғасы бар...

Г. Берік