Ардагерлер сөйлейді: Қалықов Аманжол

Ардагерлер сөйлейді: Қалықов Аманжол

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Қалықов Аманжол Қалықұлы

Мен 1921 жылы туғанмын. 1932-1933 жылдары Қазақстанда бүкіл қазақтың тең жартысын жалмаған аштық болды. Менің атам Мұстафаның алты баласы болды, аштық кезінде бәрін де ажал құшты. Мен сегіз жыл балалар үйін мекендедім, сол жерде орта мектепті аяқтаған соң, Алматыдағы тау-кен металлургия институтына түстім. Бірақ 1939 жылы бірінші курс оқып жүрген кезімде мені әскер қатарына шақырды.

1939 жылы қыркүйектің 1 күні Гитлер Польшада болды. Ол кезде біздің әскердің 70% колхозшылар болды. КСРО жағдайы нашар еді, әскерге білімді адамдар қажет. Мен 229-шы артиллериялық полк, 194-ші тау-кен атқыштар дивизиясы басқармасына түстім. Бұл дивизия Сібірде құрылған болатын. Бірақ екі-үш айдан соң бізді Ташкент түбіндегі сталиндік әскери лагерьге жөнелтті.

Мені әскерге шақырғанда орысша жақсы білмейтін едім, бірақ жарты жылдан соң үйреніп алдым, бөлім командирі болдым. Ол кезде әскерде білімі бар адамдар тым аз еді. Мысалы, біздің бөлімнің аға командирін лайық. Ол қаруды қалай қолдануды үйреткенде сөзбен түсіндірмейтін. Менің қалай жасағанымды көріп алып, қайталаңдар деуші еді. Винтовканың бекітпесін алады да, қалай пайдалануды көрсетеді. Қарап тұрамыз да, өзіміз де қайталаймыз. Бізге қарайды да: «Жарайсыңдар!» дейді. Міне, осындай жоғары білімі жоқ, бірақ өте ақылды адамдар болды. Біз оларды төбемізге көтере құрметтедік.

Мен ол жерден кететін кезімде бізді училищеге түсуге үгіттеді. Сауатты адамдарды артиллерия не әуе училищесіне алатын едім. Мен бұл ұсынысты құптап, артиллериялық училищеге бардым. Алдымен Ленинградқа түстім, одан соң мені Мәскеу училищесіне ауыстырды. Немістер Мәскеуге басып кіргенде біздің училищені Уральскке ауыстырды, сол кезде көптеген әскери училище ауыстырылды. Мен училищеде небәрі алты ай оқыдым. 1942 жылдың басында мені босатты да, оқ ату взводының гвардиялық миномет бөліміне командир етіп тағайындады. Солтүстік-Батыс майданға аттандырып, ол жақтан Шығыс-Кавказ шебіне жіберді. Қырым жерінде кескілескен ұрыс болды, неміс әуе әскері біздің командалық пунктімізге бомба тастады, сол шайқаста мен жарақа талдым. Біз тұрған станицада кішігірім орман болды, сол жерде немістерден бой тасалап, тойтарыс беретін орын таптық. Бригада командирі бұл елді мекенге машина жіберу керек деді. Жүріп кеттік. Кенет бізді полковник-танкші тоқтап алды да: «Немістер тағы басып алды» деді. Біз кейін бұрылдық, бұл кезде неміс ұшағы келіп үлгерді. Мен көліктен сытылып шығып, танкке міндім де, немістердің бомбалауын күттім. Сосны машинаға қайта отырып, бригада штабына оралдым. Сол жерде біреу: «Сізден қан ағып жатыр» деді. Жарақатыма байланысты санитарлық бөлімге жіберді.

Кавказдағы немістерге тойтарыс берген соң, бізді Қырымға жіберді. Біз Керчь жағынан шабуылдадық, ал Сиваш жағынан 4-ші Украин шебі шықты. Керчьті азат еткен соң, Севастопольге бардық. Сапнугорды барлауға қатыстық. Мына жағдайды айтпау кетуге болмайды. Севастопльде немістер қалай шайқасатынын барынша көрсетіп бақты. Түк айласы да, амалы да қалмаса да, соңғы секундқа дейін қарсыласумен болды. Олар шынында да, керемет ұрыс өнерін көрсетті.

Қырымнан соң біздің бригаданы 1-ші Украин шебіне, Сандомир плацдармына аттандырды. Мен ол жерде дивизион командирі болдым. Берлинге шабуыл жасадық, содан соң біздің 3-ші Рыбалко әскеріміз Праганы бетке алды. Бұл нағыз мәдениет ортасы және ең әсем қалалардың бірі, ал немістер оны құртқысы келеді. Бізідкілер осыны естіген соң, Рыбалко әскерінің бұйрығын алды да, Прагаға барды. Бірақ қайта барған кезімізде немістер ол жерде болмай шықты. Одан соң бізге сол жердің жергілікті тұрғындары немістер өзді-өздерімен қалай қырылысқанын айтып берді. Сөйтсек, власов әскері кінәсін жуып-шаю үшін немістерге қарсышыққан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, Прагаға қайта ат басын бұрғанымызда ол жерде ешқандай немістер жоқ болып шықты.

Жеңісті Прагада қарсы алдық. Генерал Петров келді, ол сол кезде майданның штаб басқармасы болатын. Одан соң Түркістан әскери округінің басқарушысы болды. Келіп, бәрімізді бір жерге жинады да, Жеңіс жөнінде сөз қозғады, біз көңіл босаттық. Не істеу керек? Бригадир командирі: «ал қане, алып қояйық» деді. Бізде құтыда үнемі спирт жүретін. Бірақ мас болып жүрген ешкімді көрмедім. Жеңісті осылай тойладық.

– Рахмет, Аманжол Қалықұлы. Тағы да бірнеше сұрағымыз бар. Сіздің училищеңіз Мәскеуден көшірілмес бұрын соғысқа қатысты ма?

– Жоқ. Бізді майданға бағыттады, бізідң Панфилов дивизиясын әкеліп орналастырды. Ол кезде күннің жартысы тыныштықта болды. Біз тек бағытымызды анықтап үлгердік, одан бес-алты сағаттан соң бұйрық келді: «Курсанттарды майданға алу керек!»

Майданды сынға ала бастады: «Курсанттарды соғысқа неге аласыздар? Оларды өлтіріп тастайды. Офицерлер жоқ, бәрін құртып бітті». Осылайша бізді қайта шақырып алды.

– 1941 жылы көңіліңіз қалай болды?

– Көңіл күй өте төмен болды. Біз соғыс алдында үнемі басқа жерде шайқасамыз деген оймен жүрдік. Ал енді... Мынадай жақсы сөз бар: «Немістер әскері жеңіліп көрмеген деген аңызды Мәскеу шайқасы жоққа шығарды». Бұл шынында да осылай еді. Немістерге төпеп бергеннен кейін біздің бойымызға зор сенім ұялады.

Оған дейін мен аяққа тұра алмаспыз деп  ойлап жүруші едім. Мәсекуге келгенде бәрі түбегейлі өзгерді.

– «Катюша» тактикасы қандай болды?

– Бізге қай дивизионда, қай батареяда болуымыз керек екенін жоғарыдан бұйрықпен келетін. Сол жерге барамыз. Бірақ, ең бастысы, тұтқынға түсіп қалмау керек. Бір дүркіндегеннен кейін бірден кетіп қалуымыз керек. Біз өз бағытымызбен жүреміз, кабинада шофер отырады, жанында қаруланған комадир болады. Көлік 7-9 адамға есептелген. Жылдам кері бұрылдық, көлік оталмайды. Командир қару қолданысын басқаруы қажет. Біз енді-енді бұрылғанда командир қаруды жеті рет жұмсап үлгереді, сосын бірден ұшып кетеміз. Көлік дереу өз бағытынан басқа жаққа бұрылуы керек, әйтпесе немістер біздің көзімізді жоюы мүмкін. Сол себепті біз барлық жолды, барлық әдісті бес саусағымыздай алдын ала жаттап алдық.

–  Ату тәсілін өздеріңіз әзірледіңіздер ме?

– Иә.

– Қиын болды ма?

– Жоқ. Біз оларды жол үстінде де дайындай салатынбыз. Әрине, жұмысы аса жауаптылықты қажет етеді. Кейде картамен тұспа тұс келмей қалатын сәтіміз болады, өзіміздікімен атуымыз керек, сондықтан сапалысын артығымен даярлап қоятын едік.

Жалғасы

@. @assel_assanova