Жауынгер Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы

Жауынгер Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы
Фото: news.headline.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы

Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болған Михаил Одинцов майданға келгенде менен:

– Қанша шабуылдадың? – деп сұрады.

– 11 сағат.

– Көп емес... ал ұшу білесің бе?

– Негізінде, білемін.

Олар маған күдіктене қарады.

– Ал, жарайды. Ұшуды ұмытып қалған жоқсың ба? Сенде екі ай үзіліс болды.

– Жоқ, ұмыта қоймадым.

– Ендеше, ертең көреміз.

Полкта тыс болған жоқ. Осылай үйретті. Пошивальников қанатта тұрып, кабинаға маған қарай иілді де: «Қане, газды бас, тек ұшпа, газды мен айтқанда жібер», - деді. Газ бердім, көтерілдік. Басылды, құйрығы көтерілді. «Газды босат», - деп айқалады ол. Тоқтадық та, орнымызға қайта оралдық. «Қане, тағы бір рет»... Осылай үш рет қайталадық. Мен ұшақты жақсы басқардым. Ол маған: «Жарайды, ұшасың. Мен ұшқанда бірқалыпты отырдым. Сол кезден ұшуды бастап кеттім», - деді.

Алғашқы әскери ұшу нөмірі 13 ұшақта болды. Ал біз ұшқыштар жан аямайтын едік... Менің үлкен әжем 101 жасына дейін өмір сүрді. Ол мені сондай жақсы көруші еді. Мен аэроклубқа оқуға түстім.  Бірде әжем келді де: «Балам, мен саған дұға қылуды үйретемін», - деп қалай оқитынын үйретті. Ұшаққа келгенде ойланып, есіме түсіріп, өзім оқыдым. Снаряд та – жолды тартатын тәубешілік. Осыдан кейін әр ұшқан сайын дұға оқитын болдым. Снаряд маған құламайтынына, мені Алла сақтап жүретініне сендім. Әлі күнге оқимын.

Шутт деген барлаушы-ұшқыш болды, ол тәрелке сындырмай ұшпайтын. Ал Опрышко деген ұшқыш ұшарының алдында шалбарын шешеді де, серт қылады, әйтпесе ұшпайды.

– Жетекші болғаныңызға неше жыл өтті?

– Шамамен 15-20 жылдан бері ұшып келемін. Ол кезде 9 рет ұшсаң, ары қарай өмірге қауіп жоқ деп есептелетін. Жетінші рет ұшқанда жауды ұшырып түсірдім.

Біз тоғыздық тасамен Глухая Горушка ауылына ұштық. Тапсырма аса қиын емес еді: жаудың артиллериялық күйіне шабуылдау және балшықты кешіп біздің әскеріміз басып алған Ловать өзені аймағына жету. Мың жарым метр биіктікті бағындырдық та, кеттік. Майор Русаков басқарғанда барлау пунктінен мақсатты радиомен хабарлап тұрды. Жаудың он алты атқышына үш қанатшаны ұйымдастырды. Бірінші қанатша үш мың метрден күзетеді, екінші қанатша мың жарым метр биіктіктен қориды, ал үшінші қанатша – біз шабуылдап болғанна кейін сыпырта ұшатын шалшықты ауданды қарауылдайды. Жау жағы біздің ең жоғарыдағы бірінші қанатшамызға алдымен шабуыл жасады.

@. @assel_assanova