Қазақ жігіті мен француз қызының махаббаты

Қазақ жігіті мен француз қызының махаббаты
Фото: topwar.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Махаббатым! Жүрегім қан жылайды. Екеуміздің алғашқы ажырасуымыздың алдындағы соңғы күн бұл. Мен ешқашан ештеңені ұмытпаймын. Бәрі-бәрі жүрегімнің түбінде сақталады, көгершінім менің. Қаншама ұмытылмас ұлы сезімді сыйлағаныңды түсінбейтін де шығарсың, өзіңмен бірге қаншама бақытты сәтті өткердім. Жүрегіміздің қалауына қарамастан, ертең екеуміз екі жаққа кетеміз. Мұңға батып отырсам да, саған үміт сыйлау үшін күлімдеуге тырысамын. Элен, махаббатымызға сенші!

Сенің Қадемің

Бұл – жерлесіміз Қадем Жұманиязовтың күнделігінен үзінді. Бүгінде арада жетпіс жыл өткенде ол жеке хат болудан қалған. Бұл – Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Францияда кездескен Қадем мен Эленнің, қазақ пен француз қызының бақытты сәттеріне куә болған тарихи құжат.

Қадем үйіне оралып, басқа қызға үйленген. Ұлды болған. Бірақ ол күнделік жазуды доғармай, Эленмен ойша сөйлесуді жалғастыра берген. Қадемнің ұлы Зәуір әкесінің күнделігін сақтап қойған. Ұлы тым кішкентай болғандықтан, әкесінің бейнесін бұлдыратып болса да есте сақтамаса да, күнделік әкесінің қандай мейірімді әрі ержүрек болғанын түсінуге көмектесті. «Бұл – әкем екеумізді жалғайтын жалғыз жіп», - дейді Зәуір күнделікті аялай сипап отырып.

1995 жылы экранға өзінің қазақ әкесі Манас Нұғмановқа іздеу салған француз қызы Моник туралы айтатын «Бір пұшпақ жер үшін» атты француз-қазақ киносы шықты. Журналистік зерттеу барысында біз Манастың досы Қадемнің оқиғасынан хабардар болдық. Ұсынылған мақаланы Парижде тұратын журналист қыз Оғылбибі Аманниязова жазды.

Жалғасы

Р. Роза