Өзге ұлт өкілдері қазақ жауынгерлері жайында #2

Өзге ұлт өкілдері қазақ жауынгерлері жайында #2
Фото: lightning-and-ashes.blogspot.com

Басы

Федотов Николай Степанович: «Қазақ, өзбек, қырғыздармен – бәріміз бірге соғыстық. Олар нағыз шаруақор. Біз енді тамақтанып болып, күректі ала бергенімізде, олар ендігі окопты қазып бітіретін еді».

Гладков Павел Васильевич: «Өз батареямдағы жауынгерлер он бір ұлт өкілінен құралған екен: орыстар, украиндар, белорустар, чуваштар, марийлер, мордва, карачаевтер, грузиндер, әжірбайжандар және бір карел – Федя Петрушкин. Орта Азия халықтарынан бар жоғы бір қазақ болды – Рахимов Хасан әлде Хашим Рахимович. Әйтеуір, Орал облысында бастауыш мектеп оқытушысы болғанын білемін. Бірақ сіздерге айтайын, ол кезде бір-біріміздің қандай ұлт екеніміз еш қызықтырған жоқ, бәріміз бірдей болдық, шайқасуға мүмкіндігіміз тең болды.

Николаев Кирилл Александрович: «Мен дивизия командирі болған кезімде, маған жаңа замполит жіберді, ұлты қазақ екен, тегі Төкенов. Жан дүниесі адамгершілікке тұнып тұратын. Маған келіп әрдайым: «Қандай көмегім керек?» - дейтін. Қолынан келген көмегін аянбауға тырысатын еді».

Граштя Иван Антонович: «Кәрі адам өмірден өтсе, ол бөлек әңгіме. Ал жаңа ғана сенімен араласып, сөйлесіп отырған жап-жас адам өлім мен өмір арасында арпалысып жатса, оның орнында өзің болғың келеді... Бұл жағдайға бой үйрету мүмкін емес. Біздің взвод командирі қазақ Держіжабов қаза болғанда қатты қайғырғанымыз есімнен кетпейді. Ол бізді – жас солдаттарды рухтандыратын еді, қолдайтын, қорғайтын, көп нәрсе үйрететін еді. Ол біздің көзімізше жан тапсырғанда бәріміз жыладық...

Орта Азия буыны орысша білмейтін еді. Бірақ оқа емес, барлығы ерлікпен шайқасты, барлығы бұйрықты орындады. Бастысы – солдаттың дайындығы, ал ұлты мүлдем маңызды емес. Мысалы біздің командиріміз қазақ болды, оның адамгершілік және кәсібилік қасиетіне бола аса құрметтедік, жақсы көрдік. Солдатқа деген ұлттық кемсітушілік, әлде бір келіспеушілік болғаны есімде жоқ. Алдыңғы шепте барлығымыз бір туған бауырлардай болдық, өлімге бірге бардық».

Гершман Матвей Львович: «Орта Азия солдаттары жөнінде өте-мөте мейірімді болғанын айта аламын».

Зубко Николай Яковлевич: «Өте ерекше тұлға болды, ұлты қазақ, Сүлеймен Алтынбекұлы Байқыпшақов. Мен онымен соғыстан соң жиі ұшырасып тұрдым. Лас істерге араласпады, қорқақтықты түбірімен жұлып тастайтын еді».

Жалғасы

Ұқсас жазбалар:

9 мамыр. Қазақ әдебиетіне әскери естеліктер жанрын әкелген Қасым Қайсенов болды

Ер есімі – ел есінде: Әбдібеков Төлеуғали

@. @assel_assanova