- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- 9 мамыр. Сен...
9 мамыр. Сен де, мен де ұмытпаймыз ешқашан
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. Ұлы Отан соғысында біздің ата-бабалар аз тер төккен жоқ. Жаумен арпалысам деп мүгедек болып та қалғандары қаншама. Кейбір жауынгерлер тіпті ажал құшты. Осының бәрі сұрапыл соғыстың кесірі. Бауыржан Момышұлы өзінің елі, жері үшін күресті. Ол даңқты қолбасшы болған. Бауыржан Момышұлының әскері де өзі секілді айбынды болған. Сұм соғыста жауынгерлер таңды көздерімен атырған. Олар жігерлену үшін:
«Слушай, рабочий, война началась,
Бросай свое дело, в поход собирайся,
Вот и окопы, трещат пулеметы,
Но их не боятся советские роты!
Смело мы в бой пойдем за власть Советов,
И как один умрем в борьбе за это!
Смело мы в бой пойдем за власть Советов!
Ээ! Пока не помрем в борьбе за это...» - деп әндеткен.
Олар қысы-жазы суықта да, ыстықта да аянбай шайқасқан. Төрт жыл болған сұрапыл соғыс оларды жүдетіп жіберген. Ауылда еркек кіндікті қалмаған. Тек кішкентай балалар мен оның аналары және қарттар ғана қалған. Олар майдандағы жауынгерлер үшін еңбек етіп, азық жинаған. Өздері жемесе де соларға жіберіп отырған. Өйткені олар еліміздің қорғандары еді. Сол кездегі кішкентай балалар өтірік керең, мылқау болып, немістердің құпиясын біліп келіп отырған. Күндер адам өлімінсіз өтпеген. Сұм соғыс талайларды қыршыннан қиып, талайды жетім, талайды жесір қалдырды.
Оралғаны бар, оралмағаны бар, бірі мүгедек болып келіп жатса, енді бірінің үйіне қара қағаз келіп жатты. Майдан алаңында кеудесінен жаны шығып бара жаста да, жауының жанын бірге алып кетпек болып, мылтығын тіреп болса да, жауымен шайқасқан ержүрек батырлар бүгінде біздің мақтанышымыз!
Төрт жылға созылған соғыс та өз межесіне жетті. Аяқталды. Соғыс бітіп, жеңіс туы желбірегенде қуанбаған жас-кәрі қалмаған. Танысын-танымасын бірін-бірі құшақтап, Ұлы Жеңіспен құттықтаған адамдардың шаттыққа толы үндері көк аспан, шартарапқа жайылды. Ерлігі елге аян, қайрат-күші, өрлігі, ержүректігінің арқасында ел есінде мәңгі сақталған ата-апаларымыздың арқасында өмір сүріп отырған бүгінгі Жеңіс күнімізге мың шүкір! Жеңістің туы, желбіре, аспанында азат елімнің!
Жолдаған: Нұралиева Маржан
Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназиясының 6 «Б» сынып оқушысы