Ер есімі – ел есінде: Отан үшін от кешкендер

Ер есімі – ел есінде: Отан үшін от кешкендер
Фото: massaget.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

"Ер есімі – ел есінде" фото-кітабының аудармасының жалғасын ұсынамыз.

Әбдірахимов Талғат Қадырұлы (1915-1967)  Қиыр Шығыста соғыстың алғашқы күнінен соңғы күніне дейін лейтенант шенінде қызмет өтеді. Ұлы Отан соғысының ордендерімен, медальдарымен марапатталды.

Соғыс аяқталған соң Қырғыз геологиялық барлау партиясын, одан соң Алматыдағы волковтық экспедицияны басқарды. Сталиндік сыйлықпен марапатталған.

Абдрахимова Анастасия Андреевна (жары) (25.12.1922-6.11.1993)  Қиыр Шығыста соғыстың алғашқы күнінен бастап әуе шабуылына қарсы қорғаныс жасағында медбике болып қызмет атқарды. Бірнеше медальдармен марапатталды. Майданда жүріп тұрмысқа шықты. Соғыс аяқталған соң жары Талғат Қадыровичпен геологиялық барлау партиясында жұмыс істеді.

Әбдірахимов Мәлік Қадырұлы (1922-1984) – соғыстың алғашқы күнінен бастап қатарда болған кіші лейтенант. 91-ші гвардиялық шабуыл әуеполкінің комсомол ұйымдастырушысы. Ұрысқа Мәскеу жағынан қатысты, Будапешті, Венаны алды, Праганы азат етті. Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен, «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталды. Соғыс аяқталған соң ағасы Талғатпен бірге Ленинградтағы геологиялық барлау факультетіне аттанды, онда инженерлік зерттеу отрядының бастығы қызметін атқарды.

Рахымжанов Мидхат Тагирұлы (немере інісі) (1921-1941) – соғыстың алғашқы күні-ақ майданға шақырылып, Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапты.

Әбішев Махметхан 1922 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аламесек ауылдық округі, Ақарық ауылында туған. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып Батыс майданда 64-ші атқыштар бригадасында қатардағы жауынгер шенінде соғысқа қатысып, 3 рет жараланған. 1942-1943 жылдары Мари қаласындағы пулеметшілер училищесін оқып, кіші лейтенант шенін алып шығады.

п

1943 жылы 1-ші Украйна майданы, 203-ші гвардиялық атқыштар полкі, 70-ші гвардиялық дивизиясы взвод командирі. 1945-1946 жылдары Белорусь майданы, 132-ші атқыштар дивизиясы, 194-ші барлаушы ротасы, взвод командирі.

Өзінің қарамағындағы взводпен жау тылына барлауға барып, жаудың ДЗОТ-ын және 16 фашисті жойып, біреуін тұтқынға тілші ретінде алып келгені үшін Қызыл ту орденімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда бейбіт жұмысқа белсене араласқан (мұғалім, бухгалтер, кәсіподақ, партком хатшысы, ауылдық кеңес төрағасы).

Ұқсас жазбалар:

Ұлы Отан соғысының шынайы келбетін көрсеткен фото-кітап жарыққа шықты

Ер есімі – ел есінде: Әбдібеков Төлеуғали

@. @assel_assanova