- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- 9 мамыр. Ұлы...
9 мамыр. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар
1941 жылы Қазақстаннан фашистермен күресуге 1 миллион 200 мың солдат аттанды. Олардың бәрі елді қорғау үшін соғыс аяқталғанша аянбай шайқасты.
Георгий Жуков өзінің жазбаларының бірінде қазақтар туралы былай дейді: "1945 жылдың 26 сәуірінде Берлин ратушасына алғаш болып лейтенант Кенжебай Маденовтың взводы басып кірді. Солдаттар ғимараттағы әрбір бөлмені шайқаспен басып алып отырды".
Қазақстандық лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен ресейлік Георгий Булатов екеуі алғаш рет рейхстагқа ту тікті. Берлин алынғаннан кейін Төлеухан Шәйділдинов Рейхстагтың қабырғасына былай деп жазған: "Мен қазақпын, Қазақстаннанмын. Мәскеуден Берлинге дейін соғысып келдік. Рейхстагты алдық, жеңіске жеттік. Төлеухан Шәйділдинов".
Ал қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі соғысты Гитлердің бункерінде аяқтаған. Естеліктерінде ол былай дейді: "Қалың кілем, үстел, глобус – планетаны миллиондаған адамдардың мүрдесіне толтырған адамнан қалған нәрселер осы болды. Кабинетте ұзақ уақыт тұру қиын еді".
Мәскеу түбіндегі шайқаста лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны аянған жоқ. Аңызға айналған батыр Кеңес одағының батыры атанды. Осы ұрыста Төлеген Тоқтаров фашистердің штабына басып кіріп, 5 офицер мен 115 солдатты өлтірді.
Сталинград түбіндегі ұрыста полковник Ғани Сейфуллиннің 38-двизиясы ерлік көрсетті. Осы айқаста қазақстандықтар немістердің 297-ші жаяу әскер дивизиясын талқандады. Нүркен Әбдіров өртеніп жатқан ұшағын немістердің танк колоннасына бағыттап капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған.
Ленинградты қорғуаға қатысқан батырлардың бірі – Сұлтан Баймағамбетов. Ол өз денесімен жаудың дзотының амбразурасын жапты. Осы шайқаста Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да ерлікпен қаза тапты.
Бұлардан бөлек Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов, Тоқтағали Жангельдин, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Сәтімбек Төлешов секілді ерлер отанды қорғауды аянған жоқ. Бұлар басқа айтылмаған ерлер өте көп. Олардың еңбегі мәңгі ел есінде болады.
сурет: kiev.ua
Н. Айдархан