Ұлы Отан соғысында елімізден 497 батыр шықты

Ұлы Отан соғысында елімізден 497 батыр шықты

Соққанда жылына бір Жеңіс күні,
Жаныңның жазылғандай кеңістігі.
Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,
Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңеді. Оның жетекшісі – Адольф Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польша жеріне басып енуімен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің тарихта бұл – Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі. 1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат төрт шамасында герман әскері КСРО-ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспары бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды. Соғыстың сипаты Германия тарапынан агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды. Ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті, өз жерін қорғаған азаттық Отан соғысы болды.

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауылшаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты. Сталинград, Ленинград, Киев, Минск сияқты қалалар жермен жексен етілді. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Дегенмен, соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және көбісі соғыстан оралмады. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене қатысты. Кеңес өкіметі өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт қалыпқа түсе бастады. Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ауыр кезең болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.

Батыс шекаралық округтегі Қызыл әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери адам күші ресурсынан екі есе, танктен үш есе, ұшақтан үш есе, артиллериядан 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысында А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Т.Деревянко, К.Батталов және т.б. қазақстандықтар жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға жіберілді. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағы Батыры атағын иеленді. Сонымен қатар, Вололамск түбінде ерлік көрсетіп, қазақ тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Паниловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқық Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп, өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров минометші Қ.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар:

1. Барлығы – 11 600 адам;
2. Қазақстандықтар – 497, оның ішінде қазақтар- 97;
3. Қазақ қыздары – 3.

Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағы Батыры атағын алды, оның ішінде екі қазақ қызы – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Рейхстагқа ту тіккен жауынгер қазақ – Рақымжан Қошқарбаев болды.

Гитлерлік Германия мен империялықты, Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. Кеңес халқы өз Отанынының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. Кеңес халқы өзінің еркін күресімен Еуропаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды. Ешбірі де ешқашан ұмытылмайды.

Мен шығармамды қорытындылай келе, С.Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді.

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар...

Жолдаған: Тлеберды Айым
8 «Ә» сынып оқушысы
Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия,
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Жетекшісі: Мақпал Сембай

Сурет: el.kz

Қ. Бүйенбай