Әйелдер жайлы әзілдер

Әйелдер жайлы әзілдер
Фото: ArtFile

Әйелдер – ерекше жаратылыс иелері, әлемнің ажырамас бөлігі. Олар жайлы айтылатын әңгіме, қозғалатын тақырып таусылған емес, таусылмайды да. Назарларыңызға әйелдер жайлы әзілдер топтамасын ұсынамыз.

***

– Әйеліме мерекесіне арнап кенгуру сыйлағым келеді.
– О, не дейді?
– Оны бос сөмкемен жүруге үйретсін дегенім ғой.

***

Келген қонағына үй иесі сұйық көже жасап беріпті. Оны жақтырмаған қонақ қасығымен көжені араластырып отырыпты.
Үй иесі: – Сіз көжеңізді ішпедіңіз ғой, – дейді.
Сонда қонағы:
– Жаңа көженің ішінен бір дән көріп едім. Соны таба алмай отырмын, – депті.

***

Полицей:
– Сіз түнгі сағатекіде қайда кетіп барасыз?
– Лекцияға.
– Лекцияға дейсіз бе?
Қызық екен. Түнгі сағат екіде сізге кім лекция оқиды?
– Әйелім...

***

Екi әйел әңгiмелесiп тұр.
– Күйеуiм – теңізші. Бiр кеткенде молынан кетедi. Бiр жылда бiр-ақ апта болады үйiңде. Мен саған қатты таңғалам, қалай шыдайсың?
– Бiр аптаға шыдауға болады ғой.

* * *

Екі келіншек сырласып отыр:
– Менің күйеуім біздің қай күні үйленгенімізді де білмейді.
– Еркектердің бәрі сондай ұмытшақ келеді.
– Мұның бір жақсы жағы бар: қыста бір рет, көктемде бір рет есіне түсіріп қоямын да, жылда екі сыйлық аламын...

* * *

Әйелі күйеуіне: "Мен ұрыса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің?" – деп сұраса, күйеуі: «Қымбаттым, "кім бірінші тоқтайды екен: сен бе, әлде сағат па» деп қараймын", – деп әзілдей жауап беріпті.

***

Әйелі күйеуіне: "Неше жыл өтсе де әмияныңда менің суретім тұр. Оның себебі неде?" – десе, күйеуі: "Қандай да бір қиындыққа кез болғанымда сенің суретіңе бір қарап аламын. Проблема жоғалғандай болады", – дейді.
Әйелі: "Сонда мен саған күш беріп тұратын болғаным ғой?" – десе, күйеуі: "Әрине, суретіңе қарап "бұдан асқан проблема бар ма" – деп, өзімді жұбатамын деп әзілдеген екен.

***

"Ежелгі Грекия аңыздары" деген кітап оқып отырған бала әкесіне қарап:
- Әке, ежелгі гректер жеңісті неліктен әйелмен бейнелеген?, - деп сұрайды.
Сонда әкесі оған:
- Үйленген соң білесің, балам, - депті.

***

– Сүйіктім, 8 наурызға қандай сыйлық қалайсың?
− Білмеймін, әлі ойламадым ол туралы.
− Онда мен саған 1 жыл ойлануға уақыт беремін.

О. Сансызбай