Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 8 наурыз 2018 / 8 наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде тойламайтын елдер

8 наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде тойламайтын елдер

8 наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде тойламайтын елдер

Халықаралық әйелдер күні алғаш 1911 жылы төрт елде – Дания, Швейцария, Австрия және Германияда тойланды. 1912 жылдан бастап әйелдер күні әлемнің әр елінде кең көлемде мерекелене бастады. Бүгінде бұл мерекені кей елдер мемлекеттік деңгейде, кей елдер бейресми тойлайды. Тіпті кей елдерде тойланбайды да.

Нәзік жанды арулар құрметіне арналған мереке көп елдерде бар. Тек 8 наурыз күні тойланбауы мүмкін. Мәселен Үндістанда 8 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесі емес, Холи мейрамы тойланады. Бір-біріне әртүрлі бояу қосылған су құйып, көңіл көтереді. Ал әйелдер күнін қазан айында тойлайды және ол он шақты күнге созылады.

Иранда да 8 наурыз әйелдер күні емес, "Фәтима ана" туған күні тойланады. Ал Гондураста әйелдер күні 25 қаңтарға белгіленген.

8 наурыз мерекесі Еуропаның көп елдерінде тойланады. Әйткенмен біршама елдерде бейресми түрде өтеді. Мереке қарсаңында демалыс берілмейді. Айта кетер болсақ, Сербия, Босния және Герцеговина, Хорватия, Ирландия, Швеция, Ұлыбритания, т.б. елдердің күнтізбесінде бұл мереке жоқ. Тек бейресми түрде атап өтіледі.

Африка құрлығында Ангола, Замбия, Уганда, Камерун, Буркина-Фасо, Гвинея-Бисау, Кения, Эритрея және Мадагаскарда ғана мемлекеттік көлемде тойланады. Камерунда тойланғанмен, демалыс берілмейді. Мадагаскарда мереке қарсаңында әйелдер ғана демалысқа шығады. Аталған өзге елдерде демалыс беріледі.

Оңтүстік Америка құрлығында Бразилия, Гайана, Сальвадор, Суринам, Чили, Никарагуа мен Венесуэла елдерінде тойланады. Бірақ демалыс берілмейді. Өзге елдердің (Боливия, Эквадор, Аргентина, Уругвай, Парагвай, Перу, т.б.) күнтізбесінде 8 наурыз мерекесі жоқ.

Төменде 8 наурыз мерекесін тойлайтын елдер картасы белгіленген.

Қызыл түс – мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, демалыс жариялайтын елдер
Қызғылт-сары түс - мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, әйелдерге ғана демалыс беріледі.
Сары түс - мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, демалыс берілмейді.

 

Фото: wikipedia.org
Қосылған күні: 02 наурыз 2018, 14:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.