Қазақстан қарулы күштеріндегі пилотсыз ұшу аппараттары жөнінде не білеміз?

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттарының қолдану аясы күн санап кеңейіп келеді. Алғашқы ПҰА құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштеріне 2015 жылы келді. Содан бері Қазақстанның Қарулы Күштері пилотсыз ұшу жүйелерін белсенді түрде қолданады. Бүгінде әскерлер тактикалы соққы беретін және барлау дрондарымен қаруланған. Қазақстан ғалымдары енді әлем технологиясының бәсекесіне қабілетті отандық пилотсыз ұшу аппараттарын құрастырып жатыр.

Массагет порталы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметін, әскери кәсіпті танымал ету және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында  болашақ қаруы саналатын еліміздегі ПҰА (пилотсыз ұшу аппараты) жөнінде баяндайды.

ПҰА әуе күштері әуе барлау тапсырмаларын ғана емес, басқарылатын зымырандармен, жоғары жарылғыш және сілкініс бомбаларымен де жоғары дәлдіктегі соққылар беруге қабілетті барлау-соққы кешенімен де жабдықталған.

 Wing Loong ("Птеродактиль")

WAV Loong әуе кемесі 20 сағатқа дейін автономды жұмыс істей алады және 4 мың шақырым қашықтыққа ұшады. "Птеродактилдің" қанатының ұзындығы  – 14 метр, корпусының ұзындығы – 9 метрден сәл асады, максималды салмағы – 1100 келі.

Wing Loong жылдамдығы сағатына 280 шақырым, 5 мыу метр биіктікке ұшып, 200 келіге дейін жүк көтере алады.

SkyLark

Қарулы Күштердің құрлықтағы бөлімі SkyLark тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған.  Бұл құрылғы 40 шақырымға дейінгі радиуста жұмыс істейді. Толық қуаты үш сағатқа жетеді.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арнайы инфрақұрылым құруды қажет етпейді. Қолдану аясы айтарлықтай кең – барлау іс-шараларын жүзеге асырудан бастап мақсатты белгілеуден, артиллериялық атысты жөнге келтіруден, соққы беретін ұшақтарды жердегі нысандарға бағыттаудан және қарсыластың терең тылындағы ерекше маңызды нысандар мен олардың элементтерін жоюды көздейді.

Шағала

2018 жылдан бастап Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми-зерттеу орталығы Шағала барлау пилотсыз ұшу аппаратын прототипін жасау бойынша жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда алғашқы қазақстандық әскери дрон зауыт және далалық сынақтан өтуде.

Отандық "Шағала" байланыс арнасын қорғауға арналған бағдарламалық жасақтамамен және аппараттық құралдармен, дрон мен басқару жүйесі арасындағы қауіпсіз байланыс үшін өзінің криптографиялық хаттамасымен, кепілдендірілген құпия кілті, алға және кері қорғанысымен жабдықталған.

Наурыз айында Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған отандық өнім алғаш рет тәжірибе сынағынан өтті. Тәжірибе кезінде ғалымдар құрылғының қуат көзін сынап көрді.

Әскери зерттеу орталығының бастығы, полковник Қуандық Ақшолақовтың айтуынша, "Шағала" пилотсыз құрылғысы техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік аналогтардан кем түспейді, керісінше, белгілі бір артықшылықтарға ие.

"Ұшақтың ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейін жетеді. Ол аспанда 2 жарым сағат бойы ұшып жүре алады, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі деңгейдегі әскерлермен бірге пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - дейді әскери зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақов.

Мұның бәрі – 2014 жылдан бері университет қабырғасында жүргізіліп келе жатқан әскери ғалымдардың жігерлі еңбегінің жемісі.

Әуе кемесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында және ПҰА оқу орталығында оқытылады.

Орталық негізінде жыл сайын оқу-әдістемелік кездесулер, нұсқаушыларды даярлау және авиациялық техниканың операторларының біліктілігін арттыру өткізіледі.

2017 жылы Қазақстанның Қарулы Күштері "Falconry" Халықаралық Армия ойындарына ПҰА операторларына арналған байқауды қосу туралы бастама көтерді, онда қазақстандық жауынгерлер сөзсіз бірінші орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Бұл біздің елде қарудың осы түрінің сәтті қолданылуы мен дамуының дәлелі.