Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз – 2018 / Жыл басы қалай таңдалды? (ертегі)

Жыл басы қалай таңдалды? (ертегі)

Жыл басы қалай таңдалды? (ертегі)

Бұрын ерте заманда хайуандар жыл ағасы болуға таласыпты.

Сонда жылқы тұрып:

– Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

– Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың. Міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айлық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

– Адам егін ексе, мені жегеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

– Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

– Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

– Мен болмасам, адамдар ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке былай дейді:

– Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мініп отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,– деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды елемепті. Содан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: YouTube
Қосылған күні: 16 наурыз 2018, 15:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.