Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз 2016 / Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Massaget.kz порталы барша қазақстандықтарды 22 Наурыз мейрамымен құттықтайды! Әз Наурыз бүкіл әлем халқы үшін табысты да, шаттыққа толы жыл болсын. Шаңырақтар шайқалмасын, әр үйден бақ-береке кетпесін.

Наурыз – Орта Азия халықтары бес мың жыл бойы тойлап келе жатқан әлемнің ең көне мейрамдарының бірі.

Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Бұл мейрамды қазақ халқы «Армысың, әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 

«Құл құтылар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан…» – деген бағзыдан келе жатқан сөздің астарында көп мән жатыр. Тіпті, бұл күні реніш, өкпе дегенге орын берілмеуі қажет. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш». «Жақсылыққа жақсылық –жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер жігіттің ісі», «Тас ат­қанға – ас ат» секілді нақылдар осынау қасиетті де қадірлі күндері өмірге келсе керек. Наурыз тойында үлкендер ат құйрығын кесісіп, бір-бірлерінен көңілдері қалған бауырларды, дос-жаранды табыстырып, ел ішіндегі бірлік-ынтымақты күшейтуге үлес қосқан.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: e-history.kz
Қосылған күні: 22 наурыз 2016, 08:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.