Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз 2016 / 22 наурыз. Бата беру

22 наурыз. Бата беру

22 наурыз. Бата беру

Наурыз мейрамы жеткенде ел шат-шадыман болып, бірінің үйіне бірі барып, наурыз көже ішеді. Мейрамның мақсаты әр үйдің көжесін татқызу емес, адам мен адам арасын жақындатып, татулық, сыйластық орнату. Құтты болсын айта барған жастарға үйдің ақсақалы не үлкен адамы тілек-лебізін жаудырып, бата береді. Қариялар аузынан жазып алынған батаның бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

Ашып тастап пейілді,
Дастарқаның жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып.
Тәттілер де тізіліп,
Мені же деп үзіліп.
Сары май да қатарда,
Онсыз асың батар ма?
Құрт, ірімшік – ас нәрі,
Айтпағанда басқаны.
Шайдан көңіл ашылды,
Асыл сөздер шашылды.
Бар абырой бақ орнап,
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың,
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала-шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды,
Ниетіңе біз тойдық.
Рақмет шайыңа,
Риза еткен бір қойлық!

* * *

Ағайын-жұрт азбасын,
Ойламасын өз басын.
Бабалардан ұласқан,
Жөн-жоралғы тозбасын.

Берік болсын бел мықым,
Қорғаштай біл ел құтын.
Есті болса ер жігіт,
Халық аман жер бүтін.

* * *

Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсың,
Шаштарыңның талындай.

* * *

Кешірсін өкпе-наз,
Көңілде кір қалмасын.
Келері көп, өткені аз,
Жақсы тапсын жалғасын.

Қайғы-уайым жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Бақыт-байлық көп болсын,
Бүгінгі наурыз көжедей!

* * *

Бұл отаудың қонағы көп болсын,
Уайымы жоқ болсын.
Төрі шуақты болсын,
Берекесі бұлақты болсын!

Ұрпағының жолы болсын,
Мақсаты марапатқа толы болсын.
Дәулеті асып, даңқы таси берсін.
Бар тілегі қабыл боп, шалқи берсін.
Әмин!

* * *

Отағасы өзі тілек еткесін:
«Бата» десе мен қалайша бас тартам?
Осы төрден құтты қонақ кетпесін,
Берекелі болсын осы дастарқан.

* * *

Айналайын,
Талабыңа қанат бітсін,
Сана-салтыңа санат бітсін.
Ойың ормандай болсын,
Өзіңе қорғандай болсын,
Білімің бұлақтай болсын,
Нудың сәні құрақтай болсын.

Мақсатыңа мәнімен жеткейсің,
Мерейіңе сәнімен жеткейсің.
Алдың ашық, білікпен көрін,
Ел мақтанар биіктен көрін!

* * *

Айналайын, дарын бол,
Сөнбейтұғын жалын бол.
Қатардан асқан ақыл бол,
Не болмаса ғалым бол.
Халқың үшін қызмет қыл,
Тәмам жұртқа мәлім бол!

* * *

Өміріңнен мән кетпесін,
Дастарқаннан дәм кетпесін.
Барың берекеге ұлассын,
Берекең мерекеге ұлассын.
Шаңырағың сәнді болсын,
Тұрмысың мәнді болсын,
Тірлігің әнді болсын!
Әмин!

Жалғасы бар 

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: www.time.kz
Қосылған күні: 15 наурыз 2016, 19:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.