Наурыздағы ән шашу

Наурыздағы ән шашу

Ұлыстың ұлы күніне орай қазақ халқының наурыз туралы әсем әндерін топтастырған болатынбыз. Соларды назарларыңызға ұсынбақпыз.

Наурыз – думан
Әні: Т.Сарыбаевтікі
Сөзі: М.Мақатаевтікі

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!

Қайырмасы:

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз! Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын болғанда
Келіп ем өмір-орманға
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Наурыз тойы келгенде.

Наурыз-көктем
Әні: М. Дүйсенқызы
Сөзі: С. Тұрсынбақытұлы

Қар құлап алтын таудың етегіне,
Суарды көктем суы шекеріне.
Ақша бұлт арасынан әнін салып,
Аққулар қайта келді мекеніне.

Қайырмасы:

Наурыз-көктем, 
Таң нұрын төккен,
Анамдай асыл бетімнен өпкен.
Наурыз-көктем,
Шуағын сепкен,
Мерекем менің бабамнан жеткен. 

Сай-сала бұлақтары құралуда,
Көңілін көктем болып қуануда.
Тас-таудың көзін ашып ертеменен,
Анаммен бірге келдім су алуға.

Қайырмасы

Ғашықтар тәтті сезім сыры болып,
Төгілсін ақындардың жыры болып.
Наурыз көгімізде жарқырасын,
Жанұя бақытының нұры болып.

Наурыз!
Әні: Айдос Сағатовтікі.
сөзі: Ерсайын Жапақ.

Жырымыздан жалын тарады,
Жер бусанып жатты ұдай.
Күн теңесіп түнмен қалады,
Қалаған соны құдай.

Түркістан тасы еріді-ау көктем,
Көзімнің жасы айхау, еркем.
Наурыз, Наурыз жылы жеткені, айхай,
Сары май, тары, көже төгілді-ай,
Ақтады жайлау.
Наурыз, Наурыз, жылы жеткені айхай,
Сары май тары көже төгілді-ай,
Ақтады жайлау.

Қарасаң алтын мейрам,
Адамнан келді арай.
Жер беті жасыл сайран,
Сары дала ән мен шырай.

«Төрлет, Наурыз»
Әні: С. Нәбиқұлов
Сөзі: Қ. Омар

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң да, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Әумин!

Наурыз айында әр үйге бақыт орнасын!
Наурыз айында жамандық мүлдем болмасын!
Даланың гүлі солмасын!

Ұйқысынан әлем оянды,
Шырқатамыз бүгін той-әнді.
Айнасынан қарап қыз көктем,
Сәулесімен күннің боянды.

Наурыз айында, (Наурыз құтты болсын!) 
Күн мен түн теңелер.
Ақ көрпеден арылып. 
(Ақ мол болсын!)

Көктемнің ескен кер самалы,
Құлпыртқанда қара жер жамалын. 
Бұзылып па қарлы қыс қыр қамалы?
Наурызың келді жаңа күн... 

Ашылып тағы қыр жарың,
Көңілді қайнайды базарың. 
Аспанның аударып кей кер назарын,
Наурызың келді жаңа күн... 

Шашу да шашылды,
Шұғыласымен күннің жарысып. 
Көрмеген көптен достар табысып,
Бақытын тауып, бір-бірімен табысып. 

Ақсақалдың ақ батасын алатын,
Сағынышты сазымен қостадың. 
Селт еткізіп салған әндері, құстардың,
Наурыз ғой, Наурыз қиялында. 

Наурыз айында, (Бақытты болайық)
Күн мен түн теңелер. 
Ақ көрпеден арылып.
(Наурыз келді! Жаңа күн!) 

Көктемнің ескен кер самалы, 
Құлпыртқанда қара жер жамалын. 
Бұзылып па қарлы қыс қыр қамалың,
Наурызың келді жаңа күн...

Ашылып тағы қыр жарың,
Көңілді қайнайды базарың.
Аспанның аударып кей кер назарын,
Наурызың келді жаңа күн...

Наурыз айында,
Әр үйге бақыт орнасын!

Наурыз айында,
Жамандық мүлде болмасын!
Даланың гүлі солмасын!

Алтынай Жорабаева - Наурыз-көктем әні

Келді көктемім гүлдер бүршігін жарып.
Келді көктемім жаңа бір өмір алып.
Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәріміз де.
Көктем-ару келді – Наурыз.

Ағайын, құтты болсын Наурыз,
Жадырасын жанымыз, жанымыз
Наурыз құтты болсын, ағайын,
Алғысыңды алайын, алайын.

Жаңарып, міне, түрленді гүл, дала,
Көңілді жүрміз гүлденді әсем қала.
Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәріміз де.
Көктем-ару келді – Наурыз.

Ағайын, құтты болсын Наурыз,
Жадырасын жанымыз, жанымыз.
Наурыз құтты болсын, ағайын,
Алғысыңды алайын, алайын.

Сурет: yvision.kz

Ж. Исакаев