Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 Наурыз. Құттықтау. Тілектер

22 Наурыз. Құттықтау. Тілектер

22 Наурыз. Құттықтау. Тілектер

22 наурыз мерекесі құтты болсын!

Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем,  саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін!  

Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!

Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!

Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын!

Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!

Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос!

Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! 

Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін,

Қариялар кемсеңдеп бата берсін.

Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, 

Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін!

Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!

Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

Сурет: torange.ru

106798 0
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 10:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 09:52

Супер.....))) Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!!!

+0
20 наурыз 2012, 09:53

Армысың, Әз Наурыз?!

+0
20 наурыз 2012, 09:53

Құтты болсын әз Наурыз! )

+0
20 наурыз 2012, 10:20

Керемет! Наурыз құтты болсын! )

+0
20 наурыз 2012, 10:27

Мәссаған, Массагет!!! Керемет жасапсыңдар!!! Әдемі әуені мен талғаммен таңдалған суреттер мерекелік көңіл күй сыйлап, тамаша тілектер жүрекке жылу береді!!! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болын!!

+0
20 наурыз 2012, 11:54

Ал мен қашан Алматыдан қар кетеді екен деп ойланып отырмын!?

+0
20 наурыз 2012, 16:08

бизде де Шымкентте қар,қардан мези болдық.бирақ көңілімізді түсірмеуге тырысудамыз.ҰЛЫСТЫН ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН.

+0
20 наурыз 2012, 18:28

КЕРЕМЕТ!!!

+0
20 наурыз 2012, 22:14

күшті екен :mrgreen:

+0
21 наурыз 2012, 10:27

керемет наурыз кутты болсын Монголиядагы кандастардан көп көп салем Улыс он болсын Ак мол болсын

+0
21 наурыз 2012, 11:37

Тамаша!!!!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

+0
21 наурыз 2012, 13:36

Бейнеклип әдемі көңіл кү

+0
21 наурыз 2012, 13:37

Бейнеклип әдемі көңіл-күй сыйлады. Жасаған адамға рақмет! Массагет таң қалдыруын тоқтатпасын! Браво!! :)

+0
21 наурыз 2012, 13:38

Меніңбайқаусызда жарияланып кеткен комментімді өшіре алмадым.Кешірім! :oops:

+0
21 наурыз 2012, 14:01

Tamasha!!!!!

+0
21 наурыз 2012, 20:25

Сүйіктім немесе жан жарым деп арнап айтылар тілек ше =)

+0
01 наурыз 2013, 22:04

Қазағым құтты болсын әз Наурызың
Ізгілікке арналған әрбір жырың
Алладан аманат деп білсін бәрін
Массагетте отырған ұл мен қызың

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...