- Негізгі бет
- Арнайы жобалар
- 20 жыл ішімдіксіз...
20 жыл ішімдіксіз өмір сүріп жатқан ауыл
Фото:
pkzsk.info
Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншын ауданы, Теңдік ауылының тұрғындары жаңа жылды 20 жыл бойы ішімдіксіз қарсы алып келеді.
Теңдік ауылында 85 үй бар. Бары 307 тұрғыны бар ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартқан, – деп хабарлайды "Петропавловск News" басылымы. Тұрғындардың бұл шешімін ауыл әкімі Ержан Қасқулақов та қолдаған.
Оның сөзінше, ішімдіктен бас тарту идеясын алғаш болып ЖШС "Қаратомар" директоры Орынбай Әлжанов ұсынған. Ол 2002 жылы мешіт салып, ауылда енді алкогольді сатпауды сұраған. Халық оның сұранысын аяқасты етпеген.
"Бұл рамазан айының алдында болды. Ауылда екі азық-түлік дүкені бар, бірақ алкоголь сатылмайды. Кез келген мереке, той мен мейрамдарда үстелге қымыз қойылады", – дейді әкім Ержан Қасқулақов.
Т. Есқали