Махаббат туралы қызықты деректер

Махаббат туралы қызықты деректер
Фото: Илья Яшкин

Алда 15 сәуір – ғашықтар күні келе жатыр. Сүйгеніңізге Массагет дәстүрі бойынша алма сыйлаңыз және тағы қалай қуантуға болатынын білгіңіз келсе, біздің «Арнайы жобамызбен» бірге болыңыз. Әзірге назарларыңызға махаббат туралы қызықты деректер ұсынамыз.

«Махаббат» терминінің түп төркіні «lubhyati» сөзінен шыққанға ұқсайды. Ол «қалау» («желание») деген мағынаға ие.

Әлем бойынша орта есеппен алғанда жігіттер өзінен үш жас кіші қызға үйленеді.

Неке жүзігі шылдыр шүмек аталатын саусаққа тағылады. Грек ғалымдары мұның себебін осы саусақта жүрекке тіке баратын «махаббат қан тамыры» бар деп түсіндіреді.

Отбасы бұзылуына көп себепкер болатын – интернет. Бір сайттың ұйымдастырған танысу бұрышында кездесуге келген әйелдің жігіті өз күйеуі болып шығатын жағдай көп кездескен.

Ғашық адам басқаларына қарағанда іске икемді келеді.

Ғылыми зерттеулер ұнататын адамының дене бітіміне қарағанда, түрі маңызды екенін дәлелдеген.

Жай жағдайда кездескен жұпқа қарағанда, шытырман оқиғалы, қызық жағдаймен танысқан жұп арасындағы махаббат берік болады.

Адам ғашық болғанда өзгелердің пікіріне жауап беретін нейрондық талшықтары бітеліп қалатын көрінеді. Сондықтан шын ғашық адам ешкімнің сөзіне құлақ аспай, махаббатқа мас болып қалады.

Біреуді сүюге тырысу ұйқы келу мен қарын ашу сияқты биологиялық қажеттіліктен туады.

Адам сүйіктісі үшін екі жақын досымен қарым-қатынасын үзуге де дайын.

Көбінесе жігіттер анасына, қыздар әкесіне ұқсайтын жар іздейді. Себебі, психолог мамандардың айтуынша, бала кезінде шешілмей қалған мәселелерді осылайша бірігіп шешуді қалайды екен. Оны адам өзі байқай бермейді.

Филофобия – сүюден не ғашық болудан қорқу.

@. @assel_assanova