Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2016 / Досына ғашық болғандар

Досына ғашық болғандар

Досына ғашық болғандар

«Жігіт пен қыз арасында достық бола ма?» деген сауалдың шешімі әлі табыла қоймады. Екеуінің біреуі ғашық болып қалады дейді, ал біреулер өзінің жігіт досы неше жылдан бері адал достық ниетін білдіріп келе жатқанын алға тартады. Бұл сауалға нақты жауап іздеу мақсатында жастардың пікірін сұрадық. Оқып, өзіңіз ой түйерсіз.

Нұршат, 18 жаста:  Маған екі жыл бойы дос болып жүрген жігіт сезімін білдірді. Мен, әрине, әрекеттерінен «жай дос» емес екенін сезіп жүрдім. Бірақ бетпе-бет келіп, ағынан жарылып, бәрін мойындағанын шынайы қабылдай алмадым. Кішкентай кезімнен ұл балалармен ойнап, солардың арасында өскен соң, маған жігіттермен дос болған ұнайды. Сырыңды айтып жүрген адам бір күні келіп бір жылдан бері ұнатып жүрмін дегені қызық екен. Мүмкін, сезімін білдірсе, ойланармын, мүмкін қабылдармын деген оймен жүр едім. Бірақ сезімін білдірер алдында бірнеше күн бұрын басқа қызбен киноға барғанын, оны менен жасырғанын білдім. Маған ондай жігіт те, дос та керек емес.

Балжан, 22 жаста: Мен бір жігітпен алты жыл дос болдым. Екеуміз кез келген тақырыпта сөйлесе береміз. Ұлдар туралы бірдеңе білгім келсе, жалпы не нәрсені болса да одан сұрауға ұялмаймын. Кейде, бір-бірімізге ұнап жүрген басқа қыз-жігіт туралы айтамыз. Бірге қыдырамыз, қайда барсақ та бірге жүреміз. Кей қыз достарымнан да жақын боп кеткендей болды. Мен не айтсам да, бас тартпайды. Үнемі күлдіріп жүреді. Қашан, қайда кел десем де, сол сәтте жетеді. Бірақ бір-бірімізге мүлдем жақындамаймыз, бетімізден де сүймейміз. Бірге жүретінімізді жиі көргендер «Екеуің кездесіп жүрсіңдер ме?» деп сұрайды. «Қайдағыны айтпашы» деп күлеміз. Құрбыларымның барлығы «Ол сені ұнатады» деп жиі айтатын болды. Содан өзімде де сәл сезім пайда болғандай еді. Көрмесем, басқаша сағынатын болып жүрдім. Арада біраз уақыт өткенде маған мүлдем хабарласпайтын болып кетті. Анда-санда өзім хабарлассам, бұрынғыдай сөйлеспейді. Қазір бір-екі айда бір рет қана хабарласып тұрамыз.

Гауһар, 21 жаста: Қыз бен жігіт бір-бірін танып, жақын араласып, керек кезде көмектесіп тұруы мүмкін. Бірақ нағыз достық болмайды. Себебі ертең қыз тұрмысқа шығып, өзге шаңыраққа барады, ері әйелінің еркек досы болуын  құптамайды деп ойлаймын. Бірақ маxаббат достықтан басталса, осы – ең шынайы маxаббат.

Бір отырыста ойнап, қалжыңдасып жүргенбіз, сол күннен бастап ол мені досы Гауxар ретінде, ал мен оны досым Ержан ретінде қабылдай алмайтын болдым. Бір бірімізге басқаша қарайтын болдық. Бірақ, білдірмеуге тырысамыз. Мен ол бар жерде қысылып, көзіне тура қарай алмайтынды шығардым. "Маймыл", Чукча" деп бір-бірмізге ат қойғанбыз, содан ол аттарымыз Маймуляна, Чукчам деп өзгерді, білмеймін, уақыт өте келе алыстап кетсе сағынатын болдым, өте қатты жақын араласып, кейде сырласатын болдық.

Ол мені, мен оны қызғануды бастадық. Бөтен қызбен көрсем қалжыңдап тиісетінмін. Ол да менің басқа біреумен сөйлескенімді қаламайтынын барынша білдіретін. Арамызда не болып жатқанын түсінбейтінмін. Бір күні мен оған ғашық болудан қорқамын дегенмін, сол кезде ол "мен барда ештенеден қорықпа" деген. Осы кезден түсіне бастаған шығармыз.

Айтпақшы, маған уәде бер, ешқашан мені жақсы көріп қалмайтыныңа деп уәдесін сұрап алғанмын. Ол, иә жарайды дей салған. Қазір уәдеңде тұрмадың деп күлемін! Мен жақсы көріп қалмайын деп талай тырысқанмын, оған қоса «Әлемдегі ең соңғы еркек сен болсаң да саған қарамас едім, өйткені сен Шымкенттенсің» деген болатынмын. Достарыма да Шымкенттің жігітімен жүрсем, мені ес түссіз сүйіп қалған деп ойлап, Гауxарды жоғалттық дей беріңдер деп айтатынмын.

Ешнәрсені кесіп айтуға болмайды екен. Бізге жақсы болып көрінгендер жамандық алып келуі мүмкін және керісінше. Жүрекке бір нәрсе ұнайды, ал ми сол ұнағанға қол жеткізудің "Барбаросса жоспарын" құрады. Біздің жағдайда да солай болды-ау деймін. Миым негізі жүрекке айтты ғой, Шымкенттікі ғой қайтесің деп, одан жүрек қойшы, болса не болыпты, танығаныңа 4 жыл болды ғой, жақсы жігіт деді. Миым да соны күткен шығар, екеуі бір ортақ шешімге келді ғой.

Жалғасы бар...

Ал, сіз не дейсіз, оқырман? Жастар пікірінен кейін ойыңыз өзгерді ме?

7
Рейтинг: +10

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Мила Шелест
Қосылған күні: 13 сәуір 2016, 20:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.